Қоғам

"Аяғын кесуге мәжбүр болды": дәрігерлер "синтетика" қолданатындардың көбейгенін айтты

© Pixabay/WokandapixМужчина закрывает голову подушкой
Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
"Синтетиканың" бағасы қолжетімді әрі адам психикасына әсері күшті болғандықтан қазақстандықтар арасында танымал болып барады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір— Sputnik. Нұр-Сұлтан ауруханаларында синтетикалық есірткіге тәуелді науқастардың саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.  

Бұл есірткіге тәуелді науқастарда галлюцинация, дененің құрысуы және үрей пайда болады.

Галлюцинация ампутацияға алып келді

"Бір жігіт бар еді. Бәз біреулер сыртынан аңдиды деп ойлайтын. Денесіндегі бүкіл шашын қырып алып тастайтын. Қастарын да қырып тастады. Қашып кететін. Қар үстінде көп жүгіргені соншалықты мамандар оның аяғын кесуге мәжбүр болды", - дейді психолог-аддиктолог Иван Подскребкин.

Арзанның сорпасы татымас

Синтетика есірткіге тәуелділер арасында танымал болып барады. Оның гашиш немесе марихуана тәрізді шөптерден гөрі ағзаға әсері күшті және бағасы арзан. Қауіпті синтетикалық есірткі негізінен түнгі клубтарда таратылады.

"Алматыда түнгі клубтардың бірінде арнайы операция жүргізілді. Келушілер арасында синтетикалық есірткі таратып жүрген екі жігіт ұсталды. Олар клиенттерден төлемді онлайн аударым арқылы алған. Сатушыдан және түнгі клуб қонағынан "мефедрон" синтетикалық есірткісі бар түйіншек табылды", - дейді ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Берікхан Нұрғалиев.

Жыл басынан бері полиция 25 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі. Оны сату бойынша көш басында Алматы, Шымкент, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау және Ақмола облыстары тұр. 

Жаңалықтар
0