Аурухана

Денсаулық сақтау министрі коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

118
(Жаңартылды 17:48 07.04.2021)
Індетті жұқтырғандардың 63 проценті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі, деді Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы облыстарында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Індетті жұқтырғандардың 63 проценті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда ақпан айында бір тәуліктің ішінде 100 науқас тіркелсе, сәуірде бұл көрсеткіш 600 адамға дейін жеткен. Сол сияқты Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны бес есеге өсіп отыр.

"Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сосын Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарында инфекциялық стационарларға түсетін науқастар көп тіркеліп жатыр", - деп атап өтті Цой.

Жалпы, республикада 276 инфекциялық стационар бар. Барлығы 29 189 төсек-орын жасақталған. Қазіргі кезде инфекциялық стационарлар 36 процентке, ал реанимациялық бөлімдер 29 процентке толған.

118
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2261)
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

663
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

663
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Архивтегі фото

COVID-19: Қазақстанда қай өңірлер "қызыл" аймақта тұр?

854
Өткен тәулікте 2 822 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында науқастар саны 600-ден асты

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 8 өңір коронавирустың "қызыл" аймағында тұр, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

17 сәуірдегі жағдай бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді 

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2 822 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында науқастар саны 600-ден асты.

854
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2261)
Тақырып бойынша
Министр Цой ауылда жүр
Шымкент "қызыл" аймаққа кірді
Коронавирус созылмалы ауруға айналуы мүмкін – академик
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы
Толық локдаун қайта енгізілсе, қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Жол, асфальт, архивтегі сурет

Ақмола облысында жол жиегінде болған қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті

845
(Жаңартылды 18:38 17.04.2021)
Жүк көлігі еріген қар суына толы шұңқырға аударылды. Кабинада отырған ер адам оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Шортанды ауданында карьерлердің біріне жақын маңда жүк көлігі еріген қар суына толған жол жиегіне аударылды. Рөлде отырған 27 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бірнеше ер адам техниканың көмегімен жол жиегінде батып қалған жүк көлігін шығаруға тырысып жатқанын көруге болады. Машина бірнеше секундқа жолға шығады, алайда кейін батпақ пен қар суына толған шұңқырға құлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewsMakers (@newsmakers.kz)

Шортанды ауданының әкімдігі трагедия 16 наурыз күндіз үштер шамасында Бектау ауылдық округіне жетпей, Шортанды-Жолымбет жолының учаскесінде болғанын нақтылады.

"Шансиман" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Машина алдымен қара жолдың жиегіне аударылды. Кейін оны бульдозермен шығармақ болғанда, еріген қар суына толған шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза болды", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі "Гранит +" ЖШС карьеріне қиыршақ тас алу үшін барған. Шыға берерде жол апаты болды. Карьер жұмысшылары көлікті шығарып, жүргізушіні құтқаруға тырысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

Көз жұмған ер адам – 1994 жылғы Мақсат Данияров, Қызылорда облысының тумасы. Полиция марқұмның денесін Нұр-Сұлтанға сараптамаға жіберді.

Бектау ауылдық округінің әкімдігі мерт болған жігіт аталған жүк көлігінің жүргізушісі емес екенін мәлімдеді. Жүк көлігі аударылғаннан кейін, марқұм рөлге отырып, көлікті алып шықпақшы болған, алайда өзі көз жұмды.

Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, жүргізуші – 1981 жылғы Абылайхан Мұхамеджанов. Елордада тұрады.

"Шансиман" автокөлігі елордалық "Альстрой Транс Групп" фирмасына тиесілі.

Sputnik Қазақстан түсініктеме үшін Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

845
Кілт сөздер:
видео, жол, жүк көлігі, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Төрт адам жол жиегінде тұрған: жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды