Жедел жәрдем көлігі

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

2100
(Жаңартылды 10:45 08.04.2021)
Қазіргі кезде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 30 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр, оның 10 мыңнан астамы инфекциялық стационарларда

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik.  Қазақстанда өткен тәулікте 15 адам коронавирусты инфекциядан, 5 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте елімізде коронавирусты жұқтырған 2 586  адам тіркелген. Коронавирус белгілері бар пневмония 100 адамда анықталды, алайда олардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Министрліктің мәліметі бойынша 29 655 адам (28 794 КВИ+ и 861 КВИ-) коронавирусты инфекциядан ем қабылдап жатыр, оның 10 828-і - стационарда. 18 827 науқас үйде емделуде.

КВИ+ және КВИ- бойынша:

  • ауыр жағдайда – 522 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 151 науқас;
  • 87 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 51 055  жағдайы тіркелді, бұл дерттен 718 адам көз жұмды. 49 476 адам жазылды.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус  261 503 адамда анықталған, 3 171 адам көз жұмған. 229 538 пациент жазылып шықты.

2100
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2251)
Тақырып бойынша
Оралда коронавирус жұқтырған тұрғын полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
Вакцина салу процесін видеоға түсіруге бола ма – министрлік жауап берді  
Цой не себепті вакцина салдырмай жүргенін түсіндірді
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар саны көбейе түсті
Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды
Вакцина

Мамин президентке ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтты

31
Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді.

Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың нақты секторында орнықты дамудың оң қарқыны байқалады.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Ауруханалардағы жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған бөлімдердің – 41 пайызында, жан сақтау бөлімдердің – 27 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады. Қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған соң бетпердесіз жүруге бола ма – сарапшы пікірі 

Премьер-министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектің бір айлық, ал "СҚ-Фармация" қоймалары мен дәріханаларда екі айлық қоры жинақталған. Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектердің, қорғаныш құралдары мен шприцтердің үш айға жететін тұрақты қоры бар.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын жүзеге асыру және инвестиция тарту, экономика саласын одан әрі цифрландыру, Үкіметтің жұмысына озық цифрлық шешімдер енгізу, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланды.  

Президентке 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Онда Қазақстан үшін мұнай өндірудің тәуліктік көлемін қосымша 6 мың баррельге арттыруды көздейтін арнайы шарт келісілді. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша мұнай өндірісінде едәуір серпін болуы тиіс.

31
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Касым-Жомарт Токаев - президент Казахстана

"Ол күн алыс емес": Тоқаев жамағатты сабырға шақырды

3249
(Жаңартылды 16:57 13.04.2021)
Президент эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 

Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады.

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде Оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берілді. Сонымен қатар елордада Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғаны туралы айтылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, бүкіл әлем бастан өткеріп отырған пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти президентті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтап, "Муфтият" баспасынан жақында жарық көрген "Тәпсірлердің таңдаулысы" атты Құран тәпсірлерінің қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады.

3249
Тақырып бойынша
Қасиетті Рамазан айы басталды
Бірнеше елде Рамазан айының басталуы кейінге қалдырылды
Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға ауызашар қоржыны жеткізіледі
Бас мүфти: Рамазан – адамды тақуалыққа үйрететін ай
Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы
Рамазан - 2021: Ораза кестесі
Ан-26 ұшағының апатқа ұшыраған жері

"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді

0
Осыдан тура бір ай бұрын оңтүстік астананың әуежайына жақын маңда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. 13 наурызда Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы адамдарға алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын және сол сәттегі өз сезімдері жайлы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров жедел жәрдем қызметкерлері апат болған орынға дабыл бойынша шұғыл жөнелтілгенін айтты. Жедел жәрдем қызметінің басшылығы жеке автокөлікпен тез арада оқиға орнына жеткен.

И.О. директора службы скорой помощи Алматы Пархат Надыров
© Sputnik/ Ольга Тонконог
Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров

"Біз өте жылдам жеттік. Ол үшін жол полициясы қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Мен олардың көлігін көрген сәтте тоқтап, аты-жөнімді, қызметімді және шұғыл түрде әуежайға жету керек екенімді айттым. Дабыл бойынша біздің барлық ішкі қызмет жұмылдырылып, он бригада әуежайға бет алды. Жақын маңда орналасқан ауруханаларға апат салдарынан зардап шеккендерді жаппай қабылдауға дайын болуы туралы ескертілді. Себебі о баста түрлі ақпарат келді. Бірі ұшақ десе, екіншісі тікұшақ апатқа ұшырады деді, тіпті кейбірі ұшақ аспанда жанып кетті деді", - деп еске алды Пархат Надыров.

Қоршаудан секіріп өтіп, апат орнына жетті

Ол оқиға орнына жеткен кезде Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері бірінші болып жеткенін көрген. Надыровтың айтуынша, олар қоршаудан секіріп өтіп, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатқанда, фельдшерлер жанып жатқан ұшақтан екі зардап шеккен азаматты алып шыққан. Осыдан кейін қалалық жедел жәрдем қызметі жетіп, аман қалғандар №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

"Осы ретте фельдшерлердің ерлігін атап өткім келеді. Олар үйлесімді түрде әрекет етіп, ұшақпен бірге жарылып кетуден қорыққан жоқ. Айналада керосин төгіліп жатты. Ол кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді. Өмірлерін қауіпке тікті. Мұның барлығы менің көз алдымда болып жатты", - дейді Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы.

Ол дәл сол фельдшерлер бір кездері алматылық станциялардың бірінде жұмыс істегенін айтты. Алайда белгілі бір себептермен облысқа көшкен. Бірақ қайта ауысқылары келген.

"Мен оларды біздегі жедел жәрдем қызметіне шақырдым. Енді олар осында еңбек етіп жатыр. Бұл олар жайлы айтуға да, жазуға да тұрарлық батыр азаматтар", - деді Пархат Надыров.

Батыр фельдшерлер

Рахымжан Гаитов пен Абдрим Абдрашитов Алматының жедел жәрдем қызметінде бір айдан бері жұмыс істеп жатқандарын растады.

Гаитов Рахимжан Аркинович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Фельдшер Рахымжан Гаитов

Рахымжан Гаитов сол күні апат туралы қоңырау 17.50-де болғанын еске алды. Ең алдымен оның досы әрі әріптесі Абдрим Абдрашитов 10 бригада құрамында жолға шыққан. Одан кейін Гаитов мінген көлік жеткен.

"Ол келіп, зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті. Пациентті алып кетті, мен сол жерде қалдым. Ұшақ құлаған орынға барып, тағы да зардап шеккендер бар-жоғын білу үшін кабинаға кірдім. Ол уақытта зардап шеккендердің бірін Алматы жедел жәрдемі, екіншісін менің досым мінген медицина көлігі алып кеткен болатын. Ол жерде тағы төрт адамның мәйіті жатты. Біз жеткен кезде Пархат Талғатұлы сонда болды, ол көмектесіп, нұсқау беріп отырды", - дейді фельдшер.

Рахымжан Гаитов түнгі сағат 10-ға дейін оқиға орнында кезекшілікте болған.

Абдрашитов Абдрим Зунунбекович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Абдрим Абдрашитов

"Апат жайлы хабарлама келген кезде біз қайда бара жатқанымызды және не істеу керек екенімізді білдік. Сондықтан жедел іске кірісіп, ештеңені ойламастан, алғашқы көмек көрсетіп, адам өмірін құтқару керек болды. Осыны ғана ойладым", - деп еске алды Рахымжан Гаитов.

Өз кезегінде Абдрим Абдрашитов ол келген кезде ұшақтағы өрт сөндірілгенін айтты. Ол зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізген. Қалған бригадалар апат орнында жұмыс істеу үшін қалған.

"Әдеттегідей қоңыраудан кейін жеттік. Ұшақ күнде құлап жатпаса да, біз көңіл-күй  мен сезімді екінші орынға ысырып қоямыз. Біз Пархат Талғатұлының жетекшілік етуімен өте жылдам әрекет еттік. Көмек көрсеттік. Мен өз көңіл-күйім жайлы ойлаған жоқпын. Мен үшін ең бастысы кәсіби міндетімді атқару болды", - деді фельдшер.

Айта кету керек, фельдшерлер толық жазылғаннан кейін ұшқыштармен кездескілері келетінін айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып құлады.

Оқи отырыңыз: Әскери ұшақ апаты: оқиға орнынан түсірілген видео

Ұшақ бортында алты адам болған. Төрт әскери қызметші оқиға орнында қаза тапты. Олар: аға лейтенант Досжан Баймұратов, сержант Евгений Васильков, лейтенант Мұхтар Сағынбаев және майор Ғабит Барлықбаев.

Екі әскери ғана аман қалды. Олар апат орнынан №4 қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. ық қауіпсіздік комитеті апатқа ұшыраған әуе көлігі ведомствоның авиация қызметіне қарасты екенін растады. Қазір ҰҚК оқиғаның анық-қанығын анықтап тергеу жүргізуде.

0
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды
Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын