Жұмыс берушілер қызметкер шығынын өтейді: сенат заңды президентке жіберді

Жұмыс берушілер қызметкер шығынын өтейді: сенат заңды президентке жіберді

1392
(Жаңартылды 11:43 08.04.2021)
Заңда ішкі туризмді дамытуға арналған бірқатар шаралар қарастырылған. Атап айтсақ, ата-анасымен бірге жүретін 15 жасқа дейінгі балаларға алынған әуе билет ақысын, кәсіпкерлердің шығынын өтеуге арналған нормалар бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Сенат депутаттары туристік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң аясында ішкі туризмді дамытуға арналған бірқатар шараларды қолға алу жоспарланып отыр.

"Қазақстанның ішкі туризмін дамыту мақсатында туристік пакетте ата-анасымен бірге жүретін 15 жасқа дейінгі балаларға алынған әуе билет құнын өтеу нормасы да қарастырылған. Тағы бір жақсы норманы айтып кетейін, мысалы, қызметшілер туристік пакет аясында демалысқа шықса, жұмыс берушілер олардың шығынын өтейді. Бұл шаралар ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді", - деді Райымқұлова сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, заң жобасына кәсіпкерлердің шығынын өтеуге арналған нормалар да енгізіліп отыр. Олар: 

  • туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
  • туристік мақсаттарға арналған көлік құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бір бөлігін өтеу;
  • туристік пакет шеңберінде әрбір келген шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау;
  • санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсіпкерлер шығындарын субсидиялау.

"Біздің есептеулеріміз бойынша бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттің қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңгені тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Енді туристер Бозжыра шатқалының аумағына кіру үшін ақша төлейді

Заң жобасында "басым туристік аумақ" деген ұғым бекітіледі. Бұл аумақтарда инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер жасалады. Шетелдіктерден туристік алым енгізіледі. Оның мөлшерін мәслихат, төлеу тәртібін үкімет бекітеді.

Сенат депутаттары заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберді. 

1392
Кілт сөздер:
заң жобасы, туризм, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Бозжырада қонақ үй салу ойға қонымды деп ойлаймын – Ғабидолла Әбдірахымов
Берік Уәли президенттің Бозжыраға қатысты тапсырмасын түсіндірді
Шетелге демалуға шығатын қазақстандықтарға туристік код беріледі
Мамин Түркістанның даму барысын тексерді
Жаңа Түркістан қалай салынып жатыр – фото
Смартфон

Қазақстандықтар мемлекеттік сайттардың осалдығын анықтап ақша таба алады

177
(Жаңартылды 19:30 13.04.2021)
Қазақстандықтар мемлекеттік сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік сайттардың кемшілігі мен осалдығын анықтап, оны жоюға көмектескен қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтар сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады.

"Мұндай бағдарламалар көптеген ірі компанияда – Mail.ru, Яндекс, Uber, Google-да бар. Егер қандай да бір маман, хакер жүйенің осалдығын тапса, ол оны тапсырып, ақшалай сыйақы ала алады. Қазақстанда біз бірегей бағдарламаны іске қостық, мұндай бүкіл әлемде жоқ. Азаматтар барлық мемлекеттік жүйеде анықталған осалдық туралы хабарлай алады", - деді Холдас брифингте.

Ол Ұлттық банкпен бірлесіп BugBounty бағдарламасына барлық банкті қосу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

"Осал емес жүйе болмайды, тіпті пентагонның өзін бұзып жатады. Бірақ қалай да соны қорғау процесін ұйымдастыру қажет. Мәселен, өткен аптада зерттеушілердің бірі бүкіл қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге әсер ететін осалдықты анықтады. Мұның өзі осы бағдарламаның қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді", - деді орталық директоры.

177
Тақырып бойынша
Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі
Вакцина

Мамин президентке ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтты

37
Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді.

Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың нақты секторында орнықты дамудың оң қарқыны байқалады.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Ауруханалардағы жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған бөлімдердің – 41 пайызында, жан сақтау бөлімдердің – 27 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады. Қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған соң бетпердесіз жүруге бола ма – сарапшы пікірі 

Премьер-министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектің бір айлық, ал "СҚ-Фармация" қоймалары мен дәріханаларда екі айлық қоры жинақталған. Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектердің, қорғаныш құралдары мен шприцтердің үш айға жететін тұрақты қоры бар.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын жүзеге асыру және инвестиция тарту, экономика саласын одан әрі цифрландыру, Үкіметтің жұмысына озық цифрлық шешімдер енгізу, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланды.  

Президентке 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Онда Қазақстан үшін мұнай өндірудің тәуліктік көлемін қосымша 6 мың баррельге арттыруды көздейтін арнайы шарт келісілді. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша мұнай өндірісінде едәуір серпін болуы тиіс.

37
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина