Қоғам

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы заңсыз көші-қонға тыйым салынады – заң қабылданды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Қордай – Ақ Жол" шекара бекеті
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Қордай – Ақ Жол шекара бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келген. Ал жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 32 мың адамнан асты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Қырғызстан үкіметінің көші-қон бойынша ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, осы құжаттың негізінде азаматтық туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік бар.

"Нақты айтсақ, статистикамен ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының, құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік бар", – деді Тұрғымбаев сенаттың жалпы отырысында.

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 32 мың адамнан асты. Ал Қазақстаннан өткен жылы 175 мың азамат Қырғызстанға барған. Биылғы жылы үш айда олардың саны 36 мыңнан асты.

"Екі елдің ынтымағы артып жатыр. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Осы заң – азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған", – деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Шекара жабылып, қатынас шектелген жыл: пандемия кезінде Sputnik түсірген суреттер

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады. Заң президенттің қол қоюына жіберіледі.

Жаңалықтар
0