Қоғам

COVID-19 үшінші толқыны алғашқы екеуіне қарағанда қауіпті - Алматы дәрігерлері

© Sputnik / Тимур БатыршинМедики проводят дезинфекцию в госпитале с коронавирусом в Алматы
Медики проводят дезинфекцию в госпитале с коронавирусом в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Алматыда індеттің бірінші толқыны 2020 жылдың шілдесіне сәйкес келіп, 6 300-ден астам тұрғын вирус жұқтырды. Екінші толқын осы жылдың қаңтар айына келді, 3 600 адам ауырды. Үшінші толқын наурыз айынан басталды, қазіргі уақытта 4 600 адамның науқастанғаны белгілі

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір - Sputnik. Алматыда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті, деп хабарлайды қаланың санитар дәрігерлері.

2021 жылдың басынан бері мегаполисте 21 134 адам ауырған. Өткен жылдың наурыз-желтоқсан айларымен салыстырсақ, бұл кезеңде 18 521 алматылық вирус жұқтырған.

Сәуірдің сегіз күні ішінде ғана коронавирустың 5 057 жағдайы тіркелді.

Алматыда үшінші толқын жалғасуда. Анықтама үшін:

  • індеттің бірінші толқыны кезінде жоғары деңгей 2020 жылдың шілдесінде тіркелді - 6 372 жағдай;
  • екінші толқынның шыңы қаңтарға сәйкес келді -  3 607 адам ауырды;
  • үшінші толқын наурызда басталды - 1 наурыздан 8 сәуірге дейін 14 582 жағдай анықталған.

Үшінші толқында вирус жұқтырғандар санының артуы британдық, бразилиялық, оңтүстікафрикалық штаммдардың кең таралуына байланысты болып отыр.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті

Соңғы 14 күнде 40-59 жас аралығындағы алматылық тұрғындардың індет жұқтыруы 1,4%-ке, 60-тан жоғары жастағылардың дертке шалдығуы 4%-ке көбейді.

Жаңалықтар
0