Пәтер кілті

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

2745
Бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасылар қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды "Отбасы банк" сайты.

Өтінім тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде есепте тұрған азаматтардан ғана қабылданады.

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылдың 12 сәуірінен 2021 жылдың 26 мамырына дейін.

Бағдарламаның шарттары: қарыз мөлшерлемесі – жылдық 2%, бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і, кредит 20 жылға дейін беріледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында – 15 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарлама аясында жаңа пәтер, қолданыстағы баспана және жеке тұрғын үй сатып алуға болады.

Қазақстандықтар байқау қорытындысын өтінім нөмірі бойынша 27 мамырдан кейін "Отбасы банктің" сайтынан көре алады.

"Өтінімді кезекке қойылған жылына қарамастан "Бақытты отбасы" бағдарламасының барлық санаты бере алады. Барлық өтінім 45 күн бойы қабылданады. Әрі қарай жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады. Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы факторы болады", - делінген "Отбасы банкінің" Instagram-дағы парақшасында.

Тағы оқыңыз: Жас мамандарға арналған 5%-тік ипотека: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Негізгі тізім бойынша өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін, резервтік тізімде баспана кезегінде тұрғандарды бағдарламаға қатысуға шақыруы мүмкін.

"Бақытты отбасы" бойынша қалай өтінім беруге болады

  • "Отбасы банктің" www.hcsbk.kz сайтында электронды өтінім беру;
  • егер сіздің өтініміңіз үміткерлердің негізгі тізіміне кірсе, өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні банктен қоңырау күту;
  • белгіленген күн мен уақытта төлем қабілеттілігін бағалау үшін қажетті құжаттар пакетімен банк бөлімшесіне келу;
  • қарызды мақұлдау туралы банктің оң шешімін алу;
  • банктің талаптарына сәйкес келетін баспананы табу немесе банктің жылжымайтын мүлік порталында тұрғын үйді брондау және жылжымайтын мүлікті бағалау;
  • банктен қарыз алу.

Несие шотында қарыз сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде жинағы бар адамға беріледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 300 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.

2745
Кілт сөздер:
бағдарлама, тұрғын үй
Тақырып бойынша
Баспана кезегіне өзгеріс енгізілуі мүмкін – депутаттардың ұсынысы үкіметке жолданды
Қазақстанда 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр баспана салынады
"Бақытты отбасы" бағдарламасы: 2%-пен қалай баспана алуға болады - видео
Қазақстанда баспана тағы қымбаттады
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

66
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

66
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

33
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

33
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

983
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

983
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы