Қоғам

Өлімге әкелуі мүмкін: мамандар желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПожилой человек держит держит маску в руке
Пожилой человек держит держит маску в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде моргеллон құрттарын құртуға арналған "ақыл-кеңестер" тарады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстандықтар арасында бетпердеге кірген моргеллон құрттарды өлтіру үшін сутегі тотығын ішу керек деген ақпарат тарап жатыр. Ондай шара денсаулыққа зиянды, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына  сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде моргеллон құрттарын құртуға арналған "ақыл-кеңестер" тарады. Орыс тіліндегі ақпаратта пероксидті ішу керек деп жазылған.

"Моргеллондар және олардың жою туралы маңызды ақпарат! Пероксид – бұл 3 проценттік сутегінің тотығы. Онымен бетпердені өңдеу керек. Сосын бір стақан суға 3 тамшы қосып, ішке қабылдаған дұрыс. Содан күнде бір тамшыдан қосасыз. Осы курсты 3 күннен кейін тағы қайталау қажет", - делінген хабарламада.

Желіде кейбір қолданушылар осы әдісті көптен бері пайдаланып жүргенін де жазды. Алайда ондай "ем" денсаулыққа көмектесуден бұрын зиянын тигізеді. Тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сутегі тотығын мүлдем ішуге болмайды.

Мамандар осы заттың 3 миллилитрі өлімге әкелуі ықтимал деп санайды. Ол шырышты қабықтарға түсіп, сілтілердің әсерінен болған күйіктерге ұқсас деструктивті өзгерістер тудыруы мүмкін.

Оған қоса, моргеллондардың әсерінен "емделудің" қажеті жоқ. Өйткені ондай құрттардың болуы, сондай-ақ олар тудыруы мүмкін аурулар дәлелденбеген. Аурулардың халықаралық тізіміне де енгізілмеген. Себебі көптеген ғалымның пікірінше, Моргеллон ауруы галлюцинация және "дерматоз сандырақ" деп аталатын психиатриялық аурудың немесе басқа да психикалық бұзылыстың белгісі.

Қорыта айтқанда, моргеллондарды емдеу туралы кеңестерге сенбеу керек. Сутегі тотығын қолдану қауіпті, ал Моргеллон ауруының бар екендігіне дәлел жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі бетпердеде жүрген құрттар туралы ақпаратты жоққа шығарды. Осы орайда министрлік мамандары тиісті куәлігі бар медициналық маскаларды ғана сатып алуға кеңес беріп отыр.

Жаңалықтар
0