Қоғам

Алматыда ақпаннан бері қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Бірінші ақпаннан 11 сәуірге дейін қала бойынша 75 660 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 14 800 қала тұрғыны вакцинаның екі компонентін де алды

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналау басталғалы 75 мыңнан аса адамға екпе егілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қалада вакцина салдыруға болатын 200 пункт жұмыс істеп тұр. Бір тәулікте қалада 6 140 адам вакцина алды.

Бірінші ақпаннан 11 сәуірге дейін қала бойынша 75 660 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 14 800 қала тұрғыны вакцинаның екі компонентін де алды.

Вакцина салдыру бойынша алдыңғы қатарда Бостандық ауданы тұр, мұнда 15 мыңнан аса адам екпе ектірді, ең аз адам Жетісу ауданында тіркелді.

Алматы қаласы аудандарында вакцина салдырғандар:

  • Алатау ауданы – 5 590 адам;
  • Алмалы ауданы – 16 665 адам;
  • Әуезов ауданы – 11 560 адам;
  • Бостандық ауданы – 15 250 адам;
  • Жетісу ауданы – 2 685 адам;
  • Медеу ауданы – 10 495 адам;
  • Наурызбай ауданы – 4 355 адам;
  • Түрксіб ауданы – 9 060 адам.

Оқи отырыңыз: Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді

Айта кетейік, қалада 2 сәуірден бастап халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Ол үшін медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдени және спорт мекемелерінде, базарлар мен ойын-сауық орталықтарында 250 вакциналау пунктін ашу жоспарланған.

Қала тұрғындарына ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынып жатыр. Вакцина жүкті әйелдерге, 18 жасқа толмаған балаларға, созылмалы ауруы бар науқастарға салынбайды.

Жаңалықтар
0