НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде бұлтты ауа-райы қалыптасып, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанды, деп хабалайды "Қазгидромет" орталығы.
Тек, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауып найзағай ойнайды.
"Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақта шаңды дауыл болады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ситоптиктер екі облыста дабылды ескерту жариялады: Жамбыл облысында – секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, шаң көтерілсе, Қарағанды облысында – тұман қаптап, солтүстік-шығыста секундына 15-20 метр дейін жел соғады.