Зиялы қауым өкілдері режиссер Ермек Тұрсыновтың жазбасын сынға алды

"Бұл айуандық": зиялы қауым өкілдері Ермек Тұрсыновтың әрекетін сынға алды

1993
(Жаңартылды 18:09 13.04.2021)
Ермек Тұрсынов желідегі парақшасында Қазақстанның бір топ өнер қайраткерінің президентке жазған хатын жариялап, көпшілік мәдениет және спорт министрінің қызметінен кетуін қалайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматыда бір топ зиялы қауым өкілі жиналып, қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың әлеуметтік желідегі шулы жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Ермек Тұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның бір топ өнер қайраткерінің президентке жазған хатын жариялап, өз ойын жазды. Сондай-ақ көпшіліктің мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қызметінен кетуін қалайтынын жеткізді.

"Бұл – айуандық, бұл – масқара"

Абай атындағы опера және балет театрына театр және кино әртісі Меруерт Өтекешова, публицист-журналист Марат Тоқашбаев, ҚР композиторлар одағының төрағасы Артық Тоқсанбаев, Абай атындағы опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Шаһмардан Әбілов жиналып, режиссердің өнер адамдарының атын жамылып, жеке ойын жазғанын мәлімдеді.

Министрдің басы дауға қалды: өнер қайраткерлері президенттен араша сұрайды

"Ақтоты Райымқұлованы өте жақсы білемін. Ол кісі министр болып келгенде қуандым... Тұрсынов ақылды, жақсы бала. Өзінің киносы бар. Бірақ олай жазу азаматтық емес. (...) Бибігүл Төлегеновамен қанша жыл жұмыс істедік. Ол ешқашан қол қоймайды. Олардың атынан... бұл – айуандық, бұл – масқара. Сөйлей білемін, жаза білемін деп олай істеуге болмайды. Әр нәрсенің өлшемі бар. Оның Instagram-да жазған ойына қосылмаймын", - деді Шаһмардан Әбілов.

Ол өзін интеллигент санайтын адамның мұндай әрекетке бармайтынын жеткізді.

"Президентке мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованы орнынан алып тастаңыз деп хат жазыпты. Сол хат па? Президентке хат жазу деген не сұмдық?! Оның кім екенін, қандай жұмыс істеп жатқанын білмейді. Жеке басының ашуымен олай жазуға болмайды. Бибігүл Төлегенова, бір топ халық әртісін жинап алып, осылар қол қойды деп өтірік жазған. Ол расталды. Бибігүл Төлегенова, Лаки Кесоглу да қол қоймағанын айтты. Мұндай өтіріктен адам өліп те кетуі мүмкін", - деді Шаһмардан Әбілов.

Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Артық Тоқсанбаев Ермек Тұрсынов желідегі жазбасы үшін ақша алған болуы мүмкін деген пікір айтты.

"Тұрсыновтың тілі өткір, өзі білімді жігіт. Ақтоты Райымқұлованың қыр соңына түсіп, қайта-қайта шүйліге береді. Меніңше, оның себебі бар. Оған төлеген. Оның артында бұрынғы министр тұрғанын білемін. (...) Ермектің жазғанының 60%-іне келісемін, ал қалған 40%-і өтірік, жалған", - деді Артық Тоқсанбаев.

Жиналғандардың айтуынша, Бибігүл Төлегенова хабарласып, "Жасым 92-де, Ақтотыға қарсы шығатындай менің оған не қатысым бар?" деп айтқан. Бұл ойды Меруерт Өтекешова да қостады. Ол Ермек Тұрсыновты режиссер ретінде сыйлайтынын, бірақ бұл әрекетінің ұят екенін жеткізді.

"Ермек Тұрсыновты режиссер, журналист ретінде жақсы білемін. Былтырдан бері Ермекті түсінбей қалдым. Өнер адамы болған соң ойын, көңілін бөліп, халыққа арналған жақсы кинолар түсіру керек. Ал "маған ұнамайды", "ананы алып тастау керек" деп жазу – қате. Өнер адамының ақыл-ойы одан да жоғары болуы керек. Ол неге сонша жүрекке ауыр сөз жазады? Instagram арқылы халық бәрін оқиды, көреді. Қазір халық ақылды, сондықтан ананы-мынаны жазу – ұят. Ермекті сыйлаушы едім... Осы жазғаны, оған атақты адамдардың фамилиясын қосқаны дұрыс емес", - деді Өтекешова.

Президентке жазылған хат

Ермек Тұрсынов жариялаған президентке жазылған хатқа қол қойғандардың арасында халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен Лаки Кесоглу, Ғафиз Есімов, Ренат Салаватов, Нұржамал Үсенбаева, Нағима Есқалиев және тағы басқа танымал адамдар бар.

Ашық хатта Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының мәселесі жазылған. Авторлар өнер ұжымының жетістіктері жайында айта келе, мәдениет және спорт министрлігінің шешіміне қарсылық білдірген.

"Біз театр директоры қызметіне композитор, қоғам қайраткері, тәжірибелі менеджер Ая Қалиеваны тағайындау шешімін толығымен қолдадық. Бірақ 18 ақпанда оны ешбір себепсіз қызметінен алып тастады. Түсініктеме де берген жоқ. Мәдениет және спорт министрлігінің осы шешімі театр ұжымын да, қоғамды да дүрліктіріп жіберді", - дейді хат авторлары.

Ермек Тұрсынов ашық хаттың көшірмесін желідегі парақшасында жариялап, өнер қайраткерлері көтерген мәселеге қатысты өз ойын жазды.

"Мәдениет министрі тағы жанжалға тап болды. Адамдар оның жұмысына қанағаттанбай отыр. Президенттің араласқанын қалап, шара қолдануды сұрап отыр. Бұған дейін осы іспетті хатты "киношниктер" жазған. Одан кейін "театрлар" шулады. Енді музыканттар құлақ асуды сұрап отыр. Кітапханашылар мен музей қызметкерлері қалды. Олар қосылса ғана құлақ асатын шығар", - деді ол.

Ал брифинг кезінде композиторлар одағының төрағасы Артық Тоқсанбаев Ақтоты Райымқұлованың өте байсалды адам  екенін, іс-әрекетіне өте мұқият қарайтынын жеткізді.

"Ол заңнан аттамайды. Ая Қалиеваға (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бұрынғы басшысы – Sputnik) да жақсы қараймын. Екеуі де білімді. Ол бұл қызметке бұрынғы министр тұсында тағайындалған. Менің ойымша, ол бұрынғы министрдің адамы болды. (...) Ая Қалиева тарапынан көтерілген хайпты қате әрекет деп есептеймін. Ақтоты Райымқұлова оған балама лауазым ұсынғанына сенімдімін", - деді Тоқсанбаев.

Айта кетейік, Ая Қалиева 2021 жылдың ақпанында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды. Сол кезде Қалиева министрлік алдын ала ескертпегенін, жұмыстан қуу себебі айтылмағанын, жұмыстан босату туралы бұйрық пошта арқылы жолданғанын мәлімдеді.

Хатты толық оқымай қол қойғандар

Брифинг кезінде Артық Тоқсанбаев 92 жастағы Бибігүл Төлегенованың ол құжатқа қол қоюы мүмкін емес екенін айтты. Редакциямызға Лаки Кесоглу, Нағима Есқалиева, Люция Тулешева қол қойған тағы бір хат келді. Ол жерде олар президентке жазылған ашық хатты толық оқымай қол қойғанын айтқан.

Лаки Кесоглу, Нағима Есқалиева, Люция Тулешева хатты толық оқымай қол қойған
© Photo : Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі
Лаки Кесоглу, Нағима Есқалиева, Люция Тулешева хатты толық оқымай қол қойған

"Ермек Тұрсынов осы хатты желеу етіп, Ақтоты Райымқұлованың отставкаға кетуін талап етті. Біз ол оймен үзілді-кесілді келіспейміз. Режиссер министрлікке қатысты өзінің субъективті көзқарасын бізге таңбауы керек. Бұған мәдениет пен өнер адамдарын тартудың қажеті жоқ. Ая Қалиеваның әріптесіміз әрі жақсы маман екеніне қарамастан, біз мәдениет министрлігінің кадр саясатына араласқымыз келмейді және оған қарсылық білдірмейміз", - делінген хатта.

1993
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

80
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

80
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

41
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

41
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1121
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1121
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы