Қоғам

"Өте қуаныштымыз": Әлия Назарбаева желіде жазба жариялады

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКӘлия Назарбаева
Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Adam BOL AWARDS адамдар мен жануарларды, табиғатты қорғау секілді игі бастамаларды қолға алған адамдар мен қиын кезде өзгелерге көмек қолын созған жандарға арналған жүлде

АЛМАТЫ, 14 сәуір – Sputnik. Әлия Назарбаева ADAM BOL жүлдесінің жалғасатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен адамдар туралы ақпарат қабылдау басталатынын хабарлады.

"Құрметті қазақстандықтар! Adam BOL AWARDS рәсімінен кейін біздің командамыз мыңдаған жауап, хабарлама, алғыс хат алды. Осындай жұмысымыз өмір салтына, ойлау тәсіліне айналғанына және барлығымызға тек жақсы әсер еткеніне өте қуаныштымыз", – деп жазды Назарбаева Facebook парақшасында.

Назарбаеваның сөзінше, жүлде жеңімпаздарын марапаттау жазда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді және оған лайық адамдар туралы ақпараттарды қабылдау басталды.

"Отандастарыңызға жақын адамдарыңыздың ерлігі мен батылдығы, батырлығы туралы айтып беріңіз. Егер сіз бейтаныс жанның ерлік іс-әрекетіне куә болсаңыз да айтыңыз", – деп жазды ол.

Оқи отыырыңыз: Дариға Назарбаева панасыз қалған ит-мысықтарды көріп қайтты

Айта кетейік, Adam BOL AWARDS адамдар мен жануарларды, табиғатты қорғау секілді игі бастамаларды қолға алған адамдар мен қиын кезде өзгелерге көмек қолын созған жандарға арналған жүлде.

Бұл жобада елдің кез келген азаматы танысының жасаған ерлік іс-әрекетін айта алады.

Жүлденің алғашқы жеңімпаздары Алматы қаласында 1 наурызда марапатталды. Әлия Назарбаева өз атынан жеңімпаз болған 12 адамға 1 миллион теңгеден берді.

Жаңалықтар
0