Қоғам

Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін сақтап қалу мәселесі бойынша келісімге келді

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуВ верховье реки Урал, архивное фото
В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау проблемасы Қазақстан мен Ресей үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Экология министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Жайық өзенінде қандай да бір жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанмен келісу қажет екенін айтты. Сонымен қатар Жайық өзенін сақтап қалу үшін Қазақстан мен Ресейдің арнайы бағдарламасы бар екенін атап өтті.

Бұған дейін БАҚ бетінде Орынборда Жайық өзеніне бөгет салу ұсынылғаны туралы ақпарат жарияланды. Содан кейін журналистер бұл бастаманы Қазақстанның теріс қабылдағанына және өзенді қалай құтқармақ ойы бар екеніне қызығушылық танытты.

"Жақында ғана министрмен бірге Орынборға барып, Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрімен, ведомство өкілдерімен кездестік. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірі – судың көлемі, ағыны. Екіншісі – бассейнді экологияландыру мәселесі. Сол бойынша бірқатар келісімге келдік. Экожүйе мен су ағынын жақсарту бойынша тұтас бағдарлама әзірленді", - деді Жолдасов.

Ол "халықаралық талап бойынша жобаны іске асыру ағынның төмен жағында тұрған елдің келісімінсіз, дәл бұл жағдайда Қазақстан тарапы келіспей жүзеге аспайды" деді.

"Бұл жоба біздің тараппен келісілуге тиіс. Жалпы Ресей Федерациясының бұл жобаны іске асыру туралы ойы жоқ. Ол жерде су ағыны, қажет уақытта су өткізу туралы мәселе көбірек талқыланды. Көктем-жаз мезгіліндегі су жіберу мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл мәселеде Ресей мен Қазақстанның бірлесе атқаратын дәйекті іс-қимыл бағдарламасы бар. Барлық мәселе бойынша түсіністік", - деп түйіндеді ол.

Атыраулық балықшылар Жайықтан 150 килограмдық алып ақсерке аулады – видео

Айта кетейік, бұған дейін Орынборда Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері кездесті.

Жайық және Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша Ресей-Қазақстан ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Құжат 2024 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Жайық өзенінің төменгі ағысындағы экожүйені сақтау үшін сәуір-мамыр аралығында Ириклин су қоймасынан су жіберуді ұлғайтуды ұсынды.

Жаңалықтар
0