Архивтегі фото

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді

2177
Бір тәулікте Алматыда 680, Нұр-Сұлтанда 653 науқас тіркелді. Ал Алматы облысында қауіпті инфекцияны 248 адам жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 822 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 2 656 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 653,
  • Алматы қаласы - 680,
  • Шымкент қаласы - 121,
  • Ақмола облысы - 89,
  • Ақтөбе облысы - 161,
  • Алматы облысы - 248,
  • Атырау облысы - 119,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 98,
  • Жамбыл облысы - 41,
  • Батыс Қазақстан облысы - 114,
  • Қарағанды облысы - 205,
  • Қостанай облысы - 29,
  • Қызылорда облысы - 75,
  • Маңғыстау облысы - 76,
  • Павлодар облысы - 35,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 43,
  • Түркістан облысы - 35.
  • Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 284 173.
2177
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2418)
Тақырып бойынша
Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Толық локдаун қайта енгізілсе, қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы
Шымкентте инфекциялық ауруханада түсірілген жантүршігерлік видео желіде тарады
Архивтегі фото

Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

379
(Жаңартылды 16:08 16.06.2021)
Мақпал Тәжмағамбетова ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті 

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ағылшын тілі оқулықтарын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар арасында 1-сынып пен 5-сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар қызу талқыға түскен. Барлығы Jenny Dooley және Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан. Сыртқы мұқабасында "аударылған" деп жазылғанмен, аударма емес, шындыққа жанаспайтын мәліметтер қаптап жүр. Ал білім және ғылым министрлігі оған оң сараптама берген.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді 

"Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Ал енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленицаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді Тәжмағамбетова мәжілістің жалпы отырысында.

Ал 5-сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрастырып, басып шығарған. Онда екі алып баланың оқиғасы баяндалады. Ағасы тастан көпір жасайды. Інісі екі жіпті ағашқа байлап, алып ән айтып жүреді-міс. Оны көрген ағасы: "Маған неге көмектеспейсің?!", - деп ашуланады да інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып сындырады. Содан інісі әнді қойып кетеді. Уақыт өте келе, таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді.

"Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұғы шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы", - дейді Тәжімағамбетова.

Осыған байланысты ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті. Ал сараптамалық комиссияның құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандарын, әдебиетшілерді, тағы да басқа мамандарды енгізу керек.

"Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды", - деді депутат.

Айта кетейік, депутат Мақпал Тәжмағамбетова – Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, "Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған абыз", "Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Жасы – 37-де.

379
Кадрлық ауыс-түйіс, иллюстративті фото

Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

2044
Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

2044
Кілт сөздер:
министр, отставка
Ақша, архивтегі сурет

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша екені белгілі болды

0
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, қазір республикада екі миллионнан астам зейнеткерге зейнетақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 774,8 миллиард теңге бағытталды.

"1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 100 019 теңгені құрады", - делінген ресми сайтта.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.

Зейнетақы неден құралады

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:

  • Базалық зейнетақы;
  • Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты);
  • Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен).

Базалық зейнетақы

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Қазір оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасы қашан көтеріледі

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100%-і төленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейін алған орташа айлық табысқа байланысты болады.

0
Кілт сөздер:
базалық зейнетақы, зейнетақы
Тақырып бойынша
Депозиттегі ақша зейнетақы есепшотына аударылады – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгереді – жаңа жүйенің пайдасын кім көреді
Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды