Қоғам

Министрлік Мәскеуде өтетін әскери парадқа қатысты ақпарат таратты

© Sputnik / Болат ШайхиновВоенный парад в Астане 07.05.2015
Военный парад в Астане 07.05.2015 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Өткен жылы қазақстандық әскерилер Ресей астанасында ұйымдастырылған Жеңіс парадына қатысқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович айтты.

"Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысуы жоспарланбаған. Ал өткен жылы біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысқаны белгілі", – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар Виталий Адамович Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу туралы да айтып өтті.

Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық аймақтарында онлайн режимде өтетін болады.

Сондай-ақ, "Жас сарбаз" қозғалысының бірқатар іс-шаралары жоспарлаған. Атап айтқанда, жас патриоттар Қарулы Күштер ардагерлерін құттықтайды. Әр аймақта эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиналыстар өтеді. Ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.

Оқи отырыңыз: Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді

7 және 9 мамырда ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды республикалық телеарналар мен "Жас сарбаз" ұйымының және қорғаныс министрлігінің YouTube каналынан көруге болады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған парад болмайды.

Жаңалықтар
0