Қоғам

Қатты қорқып қалған: Шымбұлақ шыңында болған оқиғаның мән-жайы анықталды

© Photo : МЧС РКСпасатели помогли спуститься шести туристам с пика Шымбулак
Спасатели помогли спуститься шести туристам с пика Шымбулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Туристер Шымбұлақ шыңына жеткен кезде ауа райы күрт бұзылып, адамдарға жақын маңда найзағай түскен

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Республикалық жедел құтқару жасағы (РЖҚЖ) Шымбұлақ шыңындағы алты адамды құтқарды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Өткен жексенбіде танымал туристік фирма үйлестірушісі қолайсыз ауа райына байланысты Шымбұлақ шыңынан түсе алмай жатқан туристер туралы РЖҚЖ кезекші бөліміне хабарлады, деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

© Photo : МЧС РКРеспубликалық жедел құтқару жасағы Шымбұлақ шыңындағы алты адамды құтқарды
Қатты қорқып қалған: Шымбұлақ шыңында болған оқиғаның мән-жайы анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Республикалық жедел құтқару жасағы Шымбұлақ шыңындағы алты адамды құтқарды

Белгілі болғандай, туристер шың басындағы межелі нүктеге жеткенде ауа райы күрт бұзылып, айналаны тұман басқан. Найзағай соғып, жол көрінбей қалған. Топқа жетекшілік еткен гидтің айтуынша, кезекті найзағай адамдарға жақын жерге құлаған кезде күннің ашылуын күту туралы шешім қабылданған. Біршама уақыттан кейін ауа райы ашылып, олар шыңға қайта оралған. РЖҚЖ құтқарушыларына хабарласқан. Жедел топ жеткен кезде олардың қатты қорқып қалғаны белгілі болды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Жедел топ құрамында кинологиялық есепті қоса алғанда 7 құтқарушы болды.

Оқи отырыңыз: Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

Із кесу кезінде РЖҚЖ құтқарушылары туристер орналасқан жердің геолокациялық мәліметтерін алған. Шымбұлақ шатқалына дейін автокөлікпен жеткен РЖҚЖ қызметкерлері туристерге қарай жаяу бет алған.

Туристер шың басынан табылды. РЖҚЖ құтқарушылары Шымбұлақ ауданындағы тұраққа дейін оларға ілесіп барды.

РЖҚЖ құтқарушылары тауға шықпас бұрын ауа райы болжамымен танысып, қосымша жылы киім мен ұялы телефонға арналған аккумулятор алуды ескертеді.

Жаңалықтар
0