Қоғам

Қазақстанда қауіпті көліктер көбейіп жатыр – министрлік дабыл қақты

© Sputnik / Абзал КалиевДвижение на улицах Нур-Султана после введения карантина
Движение на улицах Нур-Султана после введения карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
2020 жылы техникалық ақаулығы бар көлікті жүргізген 120 мың адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі техникалық ақаулығы бар көліктердің көбейіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, үш жылдың статистикасы жолда жүрген қауіпті көліктердің көбейіп кеткенін анық көрсетіп отыр. 

Қазақстанда көлік техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі: не өзгереді

"Мәселен, 2018 жылы қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін мыңдаған көлік анықталды. Оларды техникалық тұрғыда пайдалануға мүлдем тыйым салынған. Соған қарамастан көлік иелері жолға шыққан. Осы тәртіп бұзушылық үшін 80,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2019 жылы олардың саны 100 мыңға жетті. Ал 2020 жылы техникалық ақаулығы бар көлікті жүргізген 120 мың адам ұсталды", - деді Түсіпов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жол апатына әкеліп соқтыратын тежегіш пен рөлдің техникалық ақаулығы да жиі анықталады.  

"Бұдан бөлек, үш жылдың ішінде рұқсатсыз қайта жабдықталған 25 мың көлік ұсталды. Сол себепті техникалық ақаулығы бар және қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау шаралары жалғаса береді", - деп атап өтті Түсіпов.  

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жол апатынан қайтыс болғандардың саны 12 процентке көбейген.

Жаңалықтар
0