Қоғам

Күніне 300 метр: қазақстандық әйел екі аяғы болмаса да, Эверест шыңын бағындырды

© Sputnik / В. Божуков / Медиабанкке өтуЭверест шыңындағы лагер, архивтегі сурет
Эверест шыңындағы лагер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Қазақстандық альпинистер Джомолунгма (Эверест) тауындағы 5 364 метр биіктікте орналасқан базалық лагерге шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Астаналық Мария Әуезова Эверест шыңын бағындырды. Оның басты жетістігі сол, әлем бойынша екі аяғы жоқ әйел болып, бірінше рет базалық лагерьге шығып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мария (@mariya_auezova)

 "Бұл мүмкін емес!". Бәрі осылай айтатын. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жеттік! Иә, өте ауыр жол болды! Денем ауырды, қара терге түстік. Бүйрек те істемей қала жаздады. Өйткені қатты суық болды. Дегенмен, осының бәрін жеңіспен аяқтадық! Өзімді де, қорқынышымды да жеңдім!", – деп жазды Әуезова Instagram парақшасында.

Мария осы сапарға бір жарым жыл дайындалған. Оған кәсіби альпинист Вадим Цхе көмектесті. Жолдасы Мұрат Әуезов те әрдайым жанында болды. Осы жолғы экспедиция 10 күнге созылды. Мария Әуезова күн сайын 300 метрді артқа тастап отырды. Бас кезінде ауаның жетіспеушілігі байқалды. Бірақ кәсіби альпнистің көмегімен сапар сәтті өтті.

"Мария әлем бойынша аяғы жоқ әйел ретінде бірінші болып осындай ерлік жасап отыр... Тәртіп, бейнеті көп еңбек, өзіңмен жұмыс жасау, көл болып аққан жас, торығу... Дегенмен, аяққа қайта тұрып, жолды жағастыру армаңына деген адалдық күш береді, өзіңе сенуге көмектеседі", – дейді альпинист Вадим Цхе.

Эверестке шыққанда қазақстандықтар өзге елдің біраз азаматтарын кездестірді. Барлығы таңқалып, қайдан келгенін сұрады. Сол кезде олар мақтанышпен Қазақстаннан екенін айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мария (@mariya_auezova)

 Мария Әуезова алты жыл бұрын қатты ауырып, екі аяғынан айырылып қалған. Содан көп қозғалмай, артық салмақ жинай бастады. Бионикалық протезді киюге деген үміті үзіле бастады. Сол кезде ол альпинст Вадим Цхемен танысты. Жаттығумен айналыса бастады. Сөйтіп, Бурабайда бірнеше тауды бағындырды.

Марияның ендігі мақсаты – протез киіп, Эверест шыңын тағы бір рет бағындыру.

Жаңалықтар
0