Қоғам

Тоқаевтың тапсырмасы: үш облыс әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында басшылар жол жөндеу саласындағы жұмыстарды босаңсытып алған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды", - деді Уәли.

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды 

Айта кетейік, бұған дейін жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған болатын.

Жаңалықтар
0