Асхат Аймағамбетов

Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді

2424
(Жаңартылды 12:21 20.04.2021)
Елімізде шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеуді жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтермен 100% қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеуді жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіруді жоспарлап отырмыз. 2021 жылдан бастап 18 сағаттық жүктемеден 16 сағатқа, 2024 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуіміз қажет", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сонымен қатар айтуынша, ауылға жұмысқа келген, қалада оқыған жас мамандарды ынталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ауыл оқушылары үшін цифрлық репетитор жобасын енгізу қарастырылуда.

Бұдан бөлек, ол білім сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5 мың ауылдық мектепке жаңғырту жүргізілетінін атап өтті. Бұл дегеніміз жөндеу жұмыстары, пән кабинеттері мен арнайы жиһаздар, компьютерлермен жабдықтау, асханалар мен кітапханаларды жаңарту.

"Әр облыс пен әр мектеп бойынша нақты жоспар бекітілді. Оның ішінде биыл 1015 мектеп жаңғыртылады", - деді ведомство басшысы. 

Оқи отырыңыз: ҰБТ-2021: Болашақ мұғалімдерге талап күшейтілді

Айтуынша, 2025 жылға қарай ауылда 315 жаңа мектеп, соның ішінде биыл 83 мектеп салу жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 268 ауылдық мектеп жұмыс істейді. Бұл елдегі мектептердің жалпы санының 71 процентін құрайды. Ауыл мектептерінде 1,5 миллион оқушы оқиды, 182 мың мұғалім сабақ береді.

2424
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, білім министрлігі, жалақы, мұғалімдер
Тақырып бойынша
Енді докторанттар диссертация жазбай-ақ ғылыми атақты қорғай алады
Оқушылар қашан мектепке барып оқиды – білім министрі жауап берді
Шенеуніктердің жайбасарлығынан балалар тегін үйірмелерге бара алмай отыр – депутат
Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

541
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

541
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды
Алматы қаласы

Өткен тәулікте екі мыңнан астам қазақстандықтың індет жұқтырғаны расталды

48
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 142 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 324,
  • Алматы қаласы - 570,
  • Шымкент қаласы - 45,
  • Ақмола облысы - 130,
  • Ақтөбе облысы - 68,
  • Алматы облысы - 185,
  • Атырау облысы - 62,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 87,
  • Жамбыл облысы - 51,
  • Батыс Қазақстан облысы - 102,
  • Қарағанды облысы - 251,
  • Қостанай облысы - 25,
  • Қызылорда облысы - 22,
  • Маңғыстау облысы - 55,
  • Павлодар облысы - 125,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11,
  • Түркістан облысы - 29.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 344 731.

48
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Ғалымдар тәтті сусындардың адам денсаулығына зиянын анықтады