Күйеу мен қалыңдық

"Күйеуім басқа адам болып шықты": Салафизмге кірген әйел небір сұмдықты бастан кешкен

8605
(Жаңартылды 13:36 20.04.2021)
Салафизм ағымында болған алматылық әйел жас кезінде қалай жат ағымға кіріп, сотталған адаммен бас қосқанын айтты

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Алматылық Гүлдана Әбдірашитова (аты-жөні өзгертілген) қазір 37 жаста. Ірі компанияда аудитор болып жұмыс істейді, іскер әрі мақсаты бар әйел. Ол айналасындағы адамдарға үлгі болып отыр, алайда әріптестері алматылық әйелдің басынан не өткенін білмейді. Оның бір кездері салафиттердің ортасына түсіп, өзін мәңгіге жоғалтып ала жаздағанынан бейхабар. Гүлдана өз өмірі жайында Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Сөзбен жанды баурайды

Гүлдана бірнеше жыл бұрын болған оқиғаны шіміркеніп еске алады. 23 жастағы жап-жас қыз сүйіктісінің опасыздығына өкпелеп, жат ағымның жетегінде кетті. Ол жақта өтірік пен қорқыныштың арасында өмірінің біраз жылын өткізді.

"Жамағатқа" дейін сүйікті жігітіммен үш жыл бойы қарым-қатынаста болдым. Алайда арамызда келеңсіз жағдай болды. Оның басқа қызбен кездесіп жүргенін біліп, ашу үстінде оны тастап, қатты уайымға салындым. Сол кезде менің қандай күйге түскенімді көрген туыстарым алғаш рет "жамағатқа" алып келді", - дейді әйел.

Сол сәтте бойжеткен дінді зерттеу арқылы діни жиналыстарға қатысып, өміріндегі қиындықтарды жеңуге тырысқан. Алайда сол сәтте бұл әрекетінің өмірін толығымен жоюы мүмкін екенін ойламаған, күдіктенбеген. Сонымен қатар оған Құран аяттары талданатын кездесулерге әр ұлттың өкілі мен өзін бас имам деп таныстырған кісінің әйел, бала-шағасымен бірге қатысатыны ұнаған.

Гүлдананың айтуынша, ол орта жас қызды бүйірінен теппей, бауырына басқан. Жақынындай көрген. Бастапқыда қыздың қиындығына жанашырлық танытып, сөзбен, іспен қолдау көрсеткен. Дәл осы қамқорлық бойжеткеннің дін арқылы өз жолын таба алатынына сендірді.

Гүлдана жүрген ортада киімге де жеке талап бар. Мұнда хиджаб кию міндеттелді. Алайда бұл да күмән тудырмаған. Артынан жас қызға ертерек тұрмыс құру қажет екенін айта бастайды. Отбасы құрып, Сирия немесе Ирак секілді ислам елдеріне көшуді ұсынады.

"Жамағатқа" бір жайт тартып тұрады: ол – тыңдай білу. Мұнда сенің ойыңды тыңдайды, қолдайды, еш ұрыс-керіссіз сенімен әңгімелеседі. Шындығында қауымға көп адам үйінде не жұмысында көрмеген дүниені іздеп келеді. Әсіресе өмірдің белгілі бір сәтінде ешкімнен қолдау таппаған қарттар мен жастар өзіне қажет нәрсені алады. Оның ішіндегілер қауымға жаңа мүшелерді өздері тартады, жүйе солай құрылған. Бұл қосарланған жүйесі бар желілік маркетинг сияқты", - дейді Гүлдана Әбдірашитова.

Тез арада тұрмыс құрудың зардабы

Әйелдің сөзінше, қауым арасында аз уақыт болса да, өткен өмірінде өзі үшін маңызды болған дүниелерге деген қызығушылығын толық жоғалтқан. Жиналған сайын айтылған тәртіп-талаппен әрдайым келіспесе де, оларға қарсы шығудан бас тартқан. Керісінше Құран аяттарын өзінше түсіндіретін тәжірибелі адамдардың айтқанын қабылдаған.

Көп ұзамай жалған ілімнің жетегіне түскен Гүлдана қаржы саласындағы жоғары жалақысы бар жұмысын тастады. Өзімен бір ағымның жетегінде жүрген адамдардың берген кеңесін қалтқысыз орындады. Артынша өмірінде "жамағатқа" кіретін жігіт пайда болды. Гүлдана сол жігітке тұрмысқа шықты.

"32 жастағы ер адаммен таныстым. Үш кездесуден кейін өзіне тұрмысқа шығуды ұсынды. Мен ол уақытта бұрынғы жігітіме ренжіп жүрдім. Ол болса менімен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіргісі келіп жүрді. Мен тұрмысқа шығуға келістім. Айналамдағының бәрі үнемі көп созбай тұрмысқа шығу туралы, кәрі қыз болып отырып қалмау, 30 жасқа дейін бала туу туралы айта берді", - дейді Гүлдана.

Бойжеткен таңдаған азаматының сотталып, жазасын өтеп шыққанын кейін білген. Алайда бұл "жаңалықты" да бірқалыпты қабылдады. Себебі күйеуі темекі тартпайды, ішімдік ішпейді. Өзін жақсы ұстайтын азаматты өз түсінігіндегі жақсы жұбай деп қабылдады. Алайда бетперде астында мүлде басқа адам болып шыққан.

Отбасылық өмір Гүлдана ойлағандай болмады. Оның сөзінше, күйеуі бос уақытының бәрінде жихад туралы дәріс тыңдаған. Оның ішінде Саид Бурятскийдің (аты-жөні Александр Тихомиров – террористік топтың мүшесі, салафизмді уағыздаушы, 2010 жылы қайтыс болды) дәрісін тыңдаған. Құранды тек араб тілінде оқып, "бауырларымен" бірге үнемі бір мешітке барған. Алайда әйелі туралы мүлде ойламаған. Шағын бизнесі жақсы табыс көзі болғанымен, отбасына ақша әкелмеген.

"Егер біз жартылай "зомби" болсақ, ол түрмеде отырған кезде ойы 200%-ке өзгерген", - деп еске алды Гүлдана.

Уақыт өткенімен күйеуінің Гүлданаға деген көзқарасы өзгермеді. Ол күн өткен сайын өзіне сөзсіз бағынуды талап етті. Кез келген қарсылық айғаймен, әйелдің ер адамға қарсы шықпауын еске салумен аяқталған. Ал бір күні ол әйеліне қол көтерді.

Гүлдана мұның алғаш рет болғанын ескеріп, ашу үстіндегі олқылық деп бағалады. Алайда уақыт өте келе күйеуінің ұрып-соғу әрекеті жиілеген. Содан бастап әйел өмірде қате жолды таңдағанын түсінді. Бір күні дәл осындай зорлық-зомбылық күйеуімен қарым-қатынасты үзіп, одан біржола кетіп қалуға себеп болды. Ал қазір Гүлдана Әбдірашитова ерлі-зайыптының арасында ортақ бала болмағандықтан оңай кетіп қалғанын айтады.

Ойдан құрылған идеология

Күйеуінен кеткеннен біраз уақыт өткен соң Гүлдана Құранды өз бетінше оқи бастаған. Сол кезде өзінің қаншалықты адасқанын түсінді, өзі қатысқан жиналыстар мен тыңдаған дәрістерде айтылғанның бірін де қасиетті кітаптан таппады.

"Ол адамның бәрі ашық өтірік айтты. Олардың сөзі өз идеологиясын қолдамағандардың бәріне жеккөрінішке толы болды. Ондай адамдарды харам деп атап, оларға кез келген зұлымдық жасауға болады деп санады. Алайда ислам бейбітшілікке, ізгілікке шақыратын дін", - дейді ол.

Мысалы, қауымдағы кездесулерде банктен кредит алып, оны қайтармауға болатыны туралы жиі естіген. Олардың сөзінше, банк қызметкерлері өз қызметі үшін процент алады, сондықтан оларды "лақтыруға" болады. Сонымен қатар жиындарда бірнеше рет жихад, мемлекетке қызмет еткендерден кек алу секілді тақырыптар көтерілген. Әйел "жамағаттағылардың" бұл айтқаны сөз жүзінде қалмайтынын да айтып өтті. Бірде әйел бұрынғы күйеуінің серіктестері қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл дайындап жатқанын білген. Ал ол оқиғаның соңы өздері үшін қайғылы аяқталды.

2011 жылдың 24 мамырында Қазақстан астанасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу изоляторының жанында Audi-100 автокөлігі жарылды. Оқиға орнын тексеру кезінде көлікте екі адам болғаны анықталды: Дмитрий есімді жүргізуші және исламда Сәлім есімін алған деструктивті діни ағымдарды ұстанатын орыс мұсылман Сергей Подкосов. Гүлдана Сәлімді танитын, ол бұрынғы күйеуінің серіктесі болған.

"Маған кейін оның ҰҚК ғимаратында жарылыс ұйымдастырғанын, жарылғыш затты белдігіне бекіткенін айтты. Дайындығын тексеріп, белдікке жаңа нөмірі бар телефонды жалғаған. Ол жарылу үшін телефонға хабарлама жіберу немесе хабарласу қажет еді. Алайда ол жаңа нөмірді телефонға қосқан кезде ұялы байланыс операторынан хабарлама келетінін ескермеген. Сол себепті жарылғыш ертерек іске қосылды. Ал көлікті жүргізіп отырған адам Сәлімнің бұл ойынан бейхабар болуы да мүмкін. Осындай нұсқаны естігенім бар", - деп еске алды Гүлдана.

Шындық жолында

Гүлдана Әбдірашитованың айтуынша, арада біраз жыл өткен соң ол өзінің абайсыздығы қайда апаруы мүмкін екенін толық түсінді. Оған салафизм ағымынан шығып, шынайы исламды зерттеуді бастауына бұрын алған білімі көмектесті. Уақыт өте келе діни сенімге қатысты айтылған "шындықты" қабылдауды тоқтатты, салафизмнің кей ережесіне келіспейтін болды, сыни ойлау Құранды үйренуге және қасиетті кітапта не айтылғанын түсінуге алып келді.

"Қауымға кірген кезде хиджаб кидім. Ажырасқанша солай жүрдім. Бұл соны дұрыс санағанымнан емес, менен соны талап еткендіктен болған жағдай. Тіпті бет-әлпетің көрінбейтіндей етіп орану қате. Оның ішінде Құранда басыңнан башпайыңа дейін орану керек екені еш жерде айтылмаған. Ислам зайырлы өмір сүруге тыйым салмайды. Алдап-арбауға, өтірік айтуға, зорлық-зомбылыққа, кісі өлтіруге шақырмайды", - дейді Гүлдана.

Қазір әйел толығымен қалыпты өмірге оралды, жақсы жерде жұмыс істейді және жеке өмірін қайта құруға тырысып жүр. Ол діннен толық бас тартқан жоқ: қазір ол үшін дұға – ең алдымен өзімен тілдесу, ойын ретке келтіріп, қолда бар дүние үшін Аллаға алғыс айту мүмкіндігі.

"Өмірдің бұл кезеңі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Адамдардың шындықты айтып тұрғандай кейіп танытып, шіміркпей өтірік айта алатынын көрдім. Олар діннен әлдеқайда алыс тұр. Біздің қоғамда Құранды, жалпы исламды кеңінен дұрыс түсіндірсе, деструктивті ағымдардың зияны туралы жиі айтатын болса, дінді жалған уағыздаушылармен байланыс кезінде адам тани білуді үйретсе, бұл өте пайдалы болар еді. Салафизмнен шығып кеткен адамға толық қалпына келу үшін жылдар қажет", - деп түйіндеді Гүлдана Әбдірашитова.

8605
Кілт сөздер:
жат ағым, салафит
Тақырып бойынша
"Құдай халықтың ақшасына зәру". Қарағандылық қыз өзін арбамақ болғандар туралы айтты
"Үйде ойыншықтардың көзін алып тастайды": салафизм ағымында болған әйел сұқбаты
Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды
Атырауда бес қабатты үйдің ауласында үш адам ұсталды – видео  
Алдан Смайыл: Тоқал алу – надандықтың, топастықтың белгісі
"Жолда баламды өлтіріп алдым": Сириядан оралған келіншектің азапты өмірі
Алматы маңы

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

1017
(Жаңартылды 20:30 17.05.2021)
18 мамырда республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Синоптиктер ертеңгі күннің ауа райын болжады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"Елдің солтүстігінде дауылды жел соғады. Тек, оңтүстік пен батыста жауын-шашын күтілмейді. Екі облыста дабылды ескерту жарияланды", – делінген хабарламада.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Дабылды ескерту

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз бұлтты болады, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде термометр +14, +16 градусты көрсетеді.

Алматыда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы қалыптасып, күндіз +24, +26 градус, ал түнде 9-11 градус жылы болады.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Шымкентте күн бұлтты және жауын-шашынсыз. Күндізгі ауа температурасы +29, +31 градус, ал түнде +15, +17 градусты көрсетеді.

1017
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті қайта құрылымдаудан өтеді: үкімет қаулы жобасын жариялады

47
Қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігі мен білім министрлігі жауапты болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанда қайта құрылымдаудан өтетін болды. Мұндай қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.

Қазақстанның Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның 11-бабының 4-тармақшасына сәйкес республика үкіметі коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта құру туралы шешім қабылдады.

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын оған еншілес ұйым "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.

Академияның қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен білім министрлігі жауапты болып табылады.

Ал ашық құқықтық актілер порталындағы бұл құжатты қоғамдық талқылау 31 мамырға дейін жалғасады.

Қаржы академиясы туралы

Қаржы академиясы елордада 50 жылдан астам бері жұмыс істеді. Оның негізі Қазақ КСР қаржы министрлігінің Целиноград қаржы-экономикалық колледжінде 1965 жылы қаланды.

Жарты ғасыр ішінде академия өз атауын бірнеше рет өзгертті. 2009 жылы министрлер кабинетінің шешімімен жаңа типтегі мамандандырылған университет – қаржы министрлігі жанындағы қаржы академиясы ретінде құрылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

Академия қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандарды дайындайды. Қаржы академиясының президенті – Наталья Коржова, ол Қазақстанның қаржы министрлігін басқарған алғашқы әйел.

47
Кілт сөздер:
академия, ЖОО
Тақырып бойынша
Әйелді ұруға болады деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды
Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы
Түркістан қаласында жаңа университет ашылды
ҚазҰУ университет жерінің сатылғанына қатысты ақпаратқа жауап берді
Қазақстанда бір университет бас лицензиясынан айырылды
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ