Қоғам

Қазақстанда көліктің электронды паспорты енгізілді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАвтомобильная пробка
Автомобильная пробка - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Электронды паспортта көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі, сондай-ақ тіркеу рәсімдері, шектеулер туралы мәліметтер болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Қазақстанда "Көлік құралдарының электронды паспорты" ұлттық жүйесі іске қосылды. Электронды құжатты жаңа және қолданысқа болған автомобильдерге рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Электронды паспортта көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу рәсімдері, шектеулер мен ауыртпалықтар туралы, алымды кәдеге жарату төлемдері, жол-көлік оқиғалары, техникалық байқау, кедендік шектеулер мен кедендік тазарту туралы мәліметтер болады.

Оқи отырыңыз: Салықшылар Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан көлік сатып алатындарға ескерту жасады 

"Цифрлық құжат көлік құралдарын сату саласындағы алаяқтық әрекеттерді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша автокөлік иелері рәсімдейтін келісімшарттардың қауіпсіздігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ЕАЭО орталық базасы арқылы тексеру кезінде қайталанатын вин-кодтарды анықтауға мүмкіндік болады. Бұл шара халықты проблемалы автомобильдерді сатып алудан сақтандыруға жағдай жасайды", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кетейік, жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралы паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру аясында жасалды.

Жаңалықтар
0