Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Тұрғымбаев Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай туралы айтты

2741
Тұрғымбаев ведомство жұмысында бірқатар оң үрдістер бар екенін атап өтті, мәселен биыл қылмыс деңгейі 13%-ке қысқарған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Министр президентке елдегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биыл бірінші тоқсанда атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берді.

Тұрғымбаевтың айтуынша, биыл қылмыс деңгейі 13%-ке қысқарған, тонау, ұрлық және бұзақылық 37%-ке аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артқан.

Ол Тоқаевқа есірткі қылмысына қарсы күрес туралы да баяндады. Ішкі істер министрінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда полицейлер 860 есірткі қылмысын анықтап, синтетикалық заттар жасайтын 8 зертхананы жойған, 1 тоннадан астам есірткі тәркілеген.

Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы, оның ішінде, "қолжетімді полиция" қағидатын қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жайында ақпарат берді.

Тағы оқыңыз: Тұрғымбаев алдағы өзгеріс туралы: зейнет жасын ұлғайтамыз

Тұрғымбаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат саны тиісті нормаларға жеткізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу бойынша тергеуші әйелдердің мамандануы кезең-кезеңімен енгізілетінін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Тоқаев жеке құрам мен ведомствоның ақпараттық саясатының жұмысын жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

2741
Кілт сөздер:
Ерлан Тұрғымбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Имашевқа сайлауға қатысты тапсырма берді
Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасын қабылдады
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысына тапсырма берді
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

166
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

166
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

2066
(Жаңартылды 14:11 14.05.2021)
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

2066
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
Жолдағы көлік қозғалысы

Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады видео

0
(Жаңартылды 14:19 14.05.2021)
Жүйткіген көліктің соққысынан ауыр жарақат алған 21 жастағы бойжеткен аурухана реанимациясына жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім Шымкентте көлікті ұрлап мініп, бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" телеарнасы.

Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

"Бойжеткен жолдың арғы бетіне өтіп жатқанда жоғары жылдамдықпен келген жеңіл көлік оны қағып кетті", – делінген ақпаратта.

Кейбір деректер бойынша, зардап шеккен қыз автобуста бейресми кондуктор болып жұмыс істеген және сол күні құрбысының жұмысына уақытша шыққан көрінеді.

Ал жаяу жүргіншіні қаққан көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жас жігіт болып шықты. Ол туысының көлігін ұрлап мініп, қала көшесінде жүйткіген.

Қатты соққы нәтижесінде 21 жастағы қыз ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілді. Дәрігерлер мидың 1-2 дәрежелі контузиясын, сондай-ақ кеуде қуысының жарақаттарын және жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады.

"2000 жылы туған науқас үшінші дәрежелі травматикалық шокпен ауруханаға жеткізілді. Ауыр жағдайдағы оған шокқа қарсы және симптоматикалық терапия жүргізілді. Қазіргі кезде жағдайы ептеп түзеле бастады", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті

0
Кілт сөздер:
Шымкент, жол апаты
Тақырып бойынша
Мектептен келе жатқан: Ақмола облысында баланы пойыз қағып кетті
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото
Алматыда автобус бойжеткенді қағып кетті
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды