Қоғам

Бұршақ, көктайғақ және шаңды дауыл: синтоптиктер ауа райын болжады

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуБұршақ, архивтегі сурет
Бұршақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Республиканың бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы қалыптасып, кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 22 сәуірдің ауа райын болжады.

Әдеттегідей, Қазақстанның солтүстік жартысында антициклон ықпалы сақталғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың өзге өңірлерінде тұрақсыз ауа райы қалыптасып, кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Тіпті, бұршақ жаууы мүмкін.

Дабылды ескерту

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстік-шығысы мен шығыс аймағында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар, 22 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзені бассейнінде (2 500 метрден асатын биіктікте) жауын-шашын мен шың басындағы қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы мен Алматыға іргелес аумақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты су ағыны қалыптасып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі және бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 17-22 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа-райы

Жамбыл, Түркістан облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі. Секундына 15-20 метр жел соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы мен Қостанай облысында түнде және таңертең, ал Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа-райы

  • Нұр-Сұлтанда түнде минус 4-6, күндіз 7-9 градус жылы, күн ашық болады.
  • Алматыда түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 температура, жауын-шашын түседі.
  • Шымкентте түнде ауа температурасы +1, +3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +17, +19 жылу болады. Көшпелі бұлт шығады деп болжанды.
Жаңалықтар
0