Жаяу жүргіншілер

Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа дерек жарияланды

2650
Індет жұқтырғандардың ең көбі – Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласында және Алматы облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 893 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 574,
  • Алматы қаласы - 695,
  • Шымкент қаласы - 112,
  • Ақмола облысы - 97,
  • Ақтөбе облысы - 117,
  • Алматы облысы - 240,
  • Атырау облысы - 140,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 93,
  • Жамбыл облысы - 69,
  • Батыс Қазақстан облысы - 185,
  • Қарағанды облысы - 225,
  • Қостанай облысы - 33,
  • Қызылорда облысы - 72,
  • Маңғыстау облысы - 108,
  • Павлодар облысы - 55,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 27,
  • Түркістан облысы - 51.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 297 839.

2650
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2332)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович

"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты

77
(Жаңартылды 12:24 14.05.2021)
Олимпиада, ҰБТ-ны ұйымдастырудан бастап магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электрондық форматқа көшірілді, деді министр

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. ҰБТ-ны ғана электрондық форматқа көшіріп қоймай, барлық іріктеу іс-шараларының форматын ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін өзгертіп жатырмыз, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Пәндік олимпиада форматы өзгерді

"Біз биыл ақпанда алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электронды форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалап, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша, биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесі де өзгерді. Бұрын қазылар алқасы мүшесіне балалардың жұмысы пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалады.

Енді келешекте олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдері тек осындай форматта өтеді.

Докторантура мен магистратураға қабылдау форматы

Биыл докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді.

"Бұл бізге "ректорлар тізімі" деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын", – деп жазды Аймағамбетов.

Биыл докторантураға түскісі келгендер эссе мен басқа да тапсырмаларды компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады.

Айта кетейік, өткен жылы магистратураға түсушілер емтиханды пилоттық режимде электронды форматта тапсырды.

"Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Енді магистратураның емтихандары да осы форматта өтеді", – дейді министр.

Осылайша олимпиада, ҰБТ, магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электронды форматқа көшірілді.

"Осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамаларымызды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Аймағамбетов. 

Оқи отырыңыз: Кемінде 200-400 мың теңге: Аймағамбетов қандай маңызды шешім қабылданғанын айтты

77
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, магистратура
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектептерде қандай өзгерістер болатынын жариялады
Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде – білім министрлігі түсініктеме берді
Аймағамбетов биыл соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
"Мұны қалай түсінеміз?": депутат Аймағамбетовтен ҰБТ мәселесін шешуді сұрады
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгеріс болатынын хабарлады
Сұлулық салонындағы әйел

Жасанды сұлулық құрбандары: Қарағандыда 162 әйел алданып қалды

24
Сұлулық салонының қызметкерлері ондаған клиентке кредит алғызған. Соңында жабылып, алданған клиенттер ақшасыз қалды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр - Sputnik. Қарағандыдағы сұлулық салонының иелері ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, шығын көлемі 25 миллионды құрап отыр.

160-тан астам әйел құқық қорғау органдарынан көмек сұрап отыр. Сұлулық салонының клиенттері жасарту процедуралары үшін кредит алған. Ал косметологиялық орталықтың қызметкерлері алданған клиенттердің ақшасын алып тайып тұрған.

"Мен соңғы процедураны 12 ақпанда қабылдадым, ал 19 ақпанда бұл жерде ешкім болмады. Күзетшілер бұл орталықтың көшіп кеткенін айтты. Бұл ірі көлемдегі алаяқтық дер едім. Себебі сұлулық салоны жабылған, ақшамыз жоқ", - деп атап өтті Екатерина Тугайбей AstanaTV телеарнасына берген сұқбатында.

Алданған клиенттердің айтуынша, салон қызметкерлері қартаюдың алдын алу бойынша қымбат қызметтер ұсынған, бұл үшін олар кредит алуға мәжбүр болған. Косметологиялық процедураларды міндетті түрде соңына дейін жасау керек еді.

Осы уақытта салон күтпеген жерден жабылып қалады.

Полиция "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталды, оларға ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда өзінен 10-15 жас үлкен әйелдермен көңіл қосқан жігіт ұсталды – фото

"Аталған ұйым тарапынан алаяқтық фактісі бойынша полицияға 162 жәбірленушіден өтініш келіп түсті. Келтірілген шығын мөлшері 25 миллион теңгені құрайды. Ұйымның екі қызметкеріне қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жәбірленушілер прокуратурадан банктердің кредит беру заңдылығын тексеруді талап етті. Кредит алғандар арасында арасында зейнеткерлер де бар.

24
Кілт сөздер:
Қарағанды, әйелдер, жасару, сұлулық
Тақырып бойынша
Ең сұлу әрі ақылды: 30 жастағы қазақ қызы Оңтүстік Кореяда жеңіске жетті
64 жаста қалай сұлулық ханшайымы атануға болады – видео
Қазақ қызы "Әлем аруы" байқауына қатысу үшін АҚШ-қа кетті – видео
Ұлт өкілдерінің көрікті келбеті құндылықтар насихатына айналды – фото
Оралда шашын салонда боятқан әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Жошы хан кесенесі

Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті

0
(Жаңартылды 12:23 14.05.2021)
Министрдің айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Осы жылдың маусымында Қарағанды облысында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін ашу жоспарланып отыр", – деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында "Абай жолымен" атты ақпараттық тур өткізу көзделуде.

Министр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Бүгінгі таңда мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған этнотуризм ерекше өзектілік пен танымдылыққа ие. Осы бағытта маусым-қыркүйек айында Алматы қаласының туристік тартымды орындарында қолөнер шеберлерінің қатысуымен "Ұлы дала мұрасы" жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Домалақ ана кесенесінің шырақшысы: Алматы әкімі әйелімен зиярат етіп, кейін ұлды болды

Сондай-ақ ұлттық тағамдар мен Қазақстан халықтарының тағамдарын танымал ету мақсатында түрлі фестивальдер өткізілмек.

0
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, мәдени нысандар
Тақырып бойынша
Депутаттар Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды
Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото
Мәдени іс-шаралар тоқтатылды, ал қаржы қалай игерілуде – министр жауап берді
Алтын Орданың құпиялары: археологтар ежелгі кесененің орнын тапты
Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды