Қоғам

Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы: не өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевНовый вариант казахского алфавита на латинице
Новый вариант казахского алфавита на латинице - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Ғалымдар пернетақтада мәтін теру кезіндегі техникалық қиындықтарға байланысты өзгерістер енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстанда латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды.

Жаңа нұсқаға қандай өзгерістер енгізілгені туралы тіл саясаты комитетінің "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Гүлфар Мамырбек Sputnik Қазақстан тілшісіне әңгімелеп берді.

Министр Мусиннің рөлі

Алдыңғы нұсқада ң дыбысын жазбаша түрде бір қарағанда піл тұмсығына ұқсайтын η дыбысымен жазу ұсынылды.

Енді ғалымдар тильда (әріп үстіндегі толқынды белгі) бар нұсқаға тоқтады. Бұл – Ñ (ñ).

© Photo : Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына қосымшаЛатын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі
Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы: не өзгерді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі

"Ң дыбысының белгісі орфографиялық жұмыс тобы аясында ұзақ талқыланды. Пікірлер қақ айырылды. Кириллицадағы нұсқаға ұқсас η белгісін бірқатар себептерге байланысты ұсынды. Біріншіден, қазір қоғамда "н" мен "ң" әріптерін айыра алмайтындар саны артып келеді. Екіншіден, адам ол әріпті қолын қағаздан үзбей жаза алады", - деді Гүлфар Мамырбек.

Оның айтуынша, бірнеше талқылаудан кейін мамандар мәтінді компьютерде теру кезінде техникалық қиындықтар тууы мүмкіндігі туралы қорытындыға келген.

"Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осы мәселені өз бақылауына алды. Жиындар өтті. ІТ-мамандар бас әріпке қатысты проблемалар болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан уақыт пен қаражатты бекер жұмсамай, латын әліпбиі енгізілген көп елде қолданылатын тильданы қалдыру туралы шешім қабылданды", - деді Мамырбек.

Жаңа нұсқа – соңғы ма

Тіл саясаты комитеті президент жарлығының жобасын әзірледі. Мемлекет басшысы құжатқа қол қойғаннан кейін әліпби бекітілген болып саналады.

"Менің жеке ойым: әліпбидің осы нұсқасы соңғы деп ойлаймын. Президент екі жылға жуық уақыт бұрын латын тіліндегі қазақ әліпбиін жетілдіруді тапсырды. Осы уақыт ішінде орфографиялық, сарапшылық-техникалық, әдістемелік топтар тынымсыз жұмыс істеп, осы нұсқаға тоқтады. Әрине, қазір қайтадан талқылау басталып, пікірлер қақ жарылады, сын да болады. Бірақ біз бір орында тұра алмаймыз. Ғалымдардың шешіміне тоқтау керек деп санаймын", - деді Мамырбек.

Оқи отырыңыз: Назарбаев латын әліпбиінің түркі әлеміндегі рөлі туралы айтты

Орыс тіліндегі "ч", "ц", "я", "щ", "ъ", "ь", "э", "ю", "я" әріптерін әліпбиден алып тастады. Елде латын графикасына негізделген қазақ тілінің дұрыс жазу ережелерін бекіту керек.

Бұдан бөлек жеке есімдер мен географиялық атауларды жазу туралы ереже дайындалып жатыр. Бұл міндет Ахмет Байтұрсынов атындағы тілтану институтына жүктелді.

Бұдан бұрын "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов әліпби түрік еліндегі нұсқаға ұқсайтынына қатысты пікір білдірген болатын.

Жаңалықтар
0