Қоғам

Коронавируспен ауырған балалар саны күрт артты – дәрігерлер дабыл қақты

© AP Photo / David GoldmanРебенку измеряют температуру
Ребенку измеряют температуру - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда үш жастан он жасқа дейінгі балалар коронавируспен жиі ауырады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір - Sputnik. Нұр-Сұлтанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны үш есеге артты. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бір айдан астам уақыт "қызыл аймақта" тұр. Қалада күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі.

"Соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 9,7%-ға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 320,43-ті құрады. Репродуктивті саны — 1,021. Жыл басынан бері қаламыздағы вирус жұқтырған науқастардың саны 22 мыңнан асты. Ал пандемия басталғаннан бері 41 214 жағдай тіркелді. Оның 26 888-і — симптоматикалық және 14 326-ы — асимптоматикалық", — деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, науқастардың басым бөлігі - ересектер. Олар КВИ-мен ауырғандардың 79,9%-ін құрайды, балалар 17,3%-ті, жасөспірімдер 2,8%-ті құрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру көрсеткіші күрт өсті

"Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші үш есе артқаны байқалады. Қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 1106, сәуірде – 1790. Айтарлығы, инфекция жұқтыру балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл ретте сәуір айында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша балалар үлесі 0,8%-ке азайды. Бұл 7-10 жас аралығындағы (5,1%-тен 4,3%-ке дейін төмендеді), 11-14 жастағы (4,5%-тен 4,3%-ке дейін төмендеді) мектеп оқушыларына қатысты қабылданған шектеу шараларының тиімділігін көрсетеді", — деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.

Жаңалықтар
0