Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады

20775
(Жаңартылды 12:15 23.04.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарына қосылғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастағанын млімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады 

Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлаған болатын. QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысында салынып жатқан QazVac вакцинасын шығаратын зауыт жыл соңына қарай іске қосылатынын айтты.

20775
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (199)
Тақырып бойынша
Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы
QazVac пен "Спутникті" бір айда салдырса не болады
Вакцинадан кейін тұмау тисе, не істеу керек – министрлік жауабы
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

79
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

79
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

40
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

40
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1100
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1100
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы