Қоғам

Қазақстандық әншілер танымал ресейлік бағдарламаның қонағы болды – видео

© Photo : Youtube/ Вечерний УргантКазахстанцы Dose x Dequine выступили в "Вечернем Урганте"
Казахстанцы Dose x Dequine выступили в Вечернем Урганте - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Отандық Dequine мен Dose атты әншілер танымал ресейлік шоу эфирінде ән орындады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстандық әншілер Dose пен Dequine "Кешкі Ургант" телешоуының қонағы болды.

Қос әнші Dose-тың "Пока" атты альбомына енген "Ветер" әнін орындады.

"Қымбаттыларым, мен үнсіз отыра алмаймын, біз мұны іске асырдық!" – деп жазды Dequine өзінің Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от вишня (@dequiine)

Бұдан бұрын ресейлік танымал әнші Алла Пугачева "Музыкалити" шоуының эфирінде қазақстандық әнші Dequine-нің вокалдық мүмкіндіктеріне сүйсінген болатын. Баста композицияның жартысын тыңдағаннан-ақ мақтау сөз айтса, Ресей эстрадасының примадоннасы Данеляны америкалық поп-жұлдыз Rihanna-мен салыстырды.

"Өте жақсы орындады. Аранжировкасы да тамаша. Музыканттардың мықты екені көрініп тұр. Ол батыстық бір әншіні есіме түсіріп тұр. Мақамы да жақсы. Он ұпай", - деді Алла Пугачева.

Бірнеше күн бұрын ол Скриптонит шығармашылығын жоғары бағалап, оны "өзінің сүйікті ақыны" деп атады.

Оқи отырыңыз: "Қазақтарды өте жақсы көремін": Алла Пугачева қазақстандық рэпердің өнеріне тәнті болды

Dose (Айдос Жұмалинов) – қазақстандық әнші, 1993 жылы Павлодарда туған. Ол хип-хоп орындаушылар үшін биттер жазу арқылы танымал бола бастады. Қазақстандық әнші Скриптонит құрған "Jillzay" музыкалық лейблының әртісі болды. Dequine (Данеля Садықова) Ақтөбеде туған. Танымал туындыларға кавер түсіру арқылы Инстаграмда танымал болды. Әлдеқайда танымал әндердің қатарында "На западе", "Убью" және M'Dee-мен бірге орындалған "18" композициялары бар.

Еске салсақ, жақында ғана дәл осы ресейлік шоуға отандасымыз Imanbek қатысып, өзінің Grammy музыкалық сыйлығын жеңіп алғаны туралы әңгімелеп берді.

Жаңалықтар
0