Қоғам

Қазақстандық теннисшінің кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото  

© Владимир Песня / Медиабанкке өтуГалина Воскобоева. Архивное фото - рекадр
Галина Воскобоева. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрген Галина Воскобоева болашақ жарын екі жыл бұрын Цинциннатидегі турнирден кейін кезіктіргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлап, неке қию салтанатындағы суреттермен бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Galina Voskoboeva (@galinavoskoboeva)

Оның жарының есімі – Джонатан, үйлену тойы АҚШ-та өтті. Спортшы болашақ жарымен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

Цинциннатидегі жарыстағы жеңілістен кейін Воскобоева Нью-Йоркке ұшпақ болған.

"Ұшақ шағын әрі іші адамға толы болды. Менің жанымдағы бір орын ғана бос болды. Мен ол орынға ешкім отырмайтын шығар деп үміттендім. Себебі ол орынға шабаданымды қойып қойған едім. Бірақ бір ер адам келді. Ол Джонатан болатын. Біз ұшақ Нью-Йоркке жеткенге дейін әңгімелесіп бардық. Содан соң бір-біріміздің телефон нөмірімізді алмастан қоштастық", - деді Воскобоева.

Алайда араға жыл салып Джонатан теннисшіге Facebook арқылы хабарлама жолдаған. Сол сәттен бастап екеуі хат алмасып тұрады. Бірақ пандемияға байланысты кездесе алмаған. Себебі Джонатан АҚШ-та, қазақстандық спортшы Ресейде болған. Қос ғашық шекара ашылған соң бес айдан кейін Түркияда кездескен. Осы жылдың ақпанында Воскобоева Цинциннатиге келіп, неке қию рәсімін де осы қалада өткізген.

Галина Воскобоева 1984 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеуде дүниеге келген. Ол Ресей мен Қазақстан атынан жарыстарға қатысқан теннисші. Ресейдің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, миксттегі бір үлкен дулыға турнирінің жартылай финалисі (Франция-2012 ашық чемпионаты), жұптық разрядта WTA бес турнирінің жеңімпазы.

Жаңалықтар
0