Қоғам

Қазақстанның бір облысы коронавирустың қызыл аймағынан шықты

© Sputnik / Абзал КалиевМоторикша катает жителей Кызылорды на главной площади города
Моторикша катает жителей Кызылорды на главной площади города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Соңғы мәліметке сәйкес коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта алты облыс және үш мегаполис тұр

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Бір өңір "қызыл" аймақтан шықты.

25 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары және Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары "қызыл" аймақта қалды.

Қызылорда облысы "қызыл" аймақтан шықты – қазір бұл облыс "сары" аймақта.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта екі облыс бар – Түркістан және Солтүстік Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індеттің беті қайтар емес 

Айта кетейік, өткен тәулікте 2800-ден астам адамнан COVID-19  анықталды, тоғыз облыста жүзден астам науқас тіркелді.

Жаңалықтар
0