Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлады

16025
(Жаңартылды 11:34 26.04.2021)
Бұдан бұрын Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқандығы жөнінде ақпарат тараған еді

АЛМАТЫ, 25 сәуір - Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев ауруханада коронавируспен күресуде. Редакция дереккөзінің хабарлауынша, әнші ауыр жағдайда жатыр.

Ақпаратты әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев  Sputnik Қазақстан тілшісіне растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен  халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, - деді Біржан Хасанғалиев.

Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: Ескендір Хасанғалиев пен әйелі жансақтау бөлімінде жатыр

Айта кетейік, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева 10 сәуірден бастап коронавируспен күресіп жатыр. Халық әртісінің жансақтау бөліміне түскеніне алты күн болды.

16025
Кілт сөздер:
коронавирус, әнші
Жедел жәрдем көлігі

Қазақстанда өткен тәулікте 25 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

1
Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Қарағанды облысына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидті пневмониядан қайтыс болу статистикасын жариялады.

Ведомство мәліметінше, 11 мамырда 20 адам COVID-19 індетінен, тағы бесеуі коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды, бірақ ПТР сынағы теріс.

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматыда тіркелді – 6, Қарағанды ​​облысында – 3, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында бір адамнан тіркелді.

"13 мамырдағы жағдай бойынша 39 626 адам коронавирустық инфекцияны емдеуді жалғастыруда (39 143 CVI+ және 483 CVI-), оның ішінде 14 124 науқас ауруханада, 25 502 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 788 науқас ауыр жағдайда болса, 183 адамның хәлі ауыр дәрежеде және 116 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирустың 350 591 жағдайы анықталды, 307 464 адам сауығып шығып, 3 984 науқас көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

1
Кілт сөздер:
коронавирус, емделу, қайтыс болды
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Желіде масаның коронавирус тасымалдайтыны туралы хабарлама тарап жатыр
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
Қазақстанда тағы бір облыс коронавирус деңгейінің "сары" аймағынан шықты
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны өсті
Жер, монета, иллюстративті сурет

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

1206
Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге қатысты мораторийдің мерзімі осы жылдың соңында аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заңда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салынған.

Сонымен қатар мораторийге дейін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алған шетелдіктер және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялар үшін жерді жалдау мерзімі ұзартылмайды. Осы заң күшіне енгеннен кейін жер шетелдіктерден қайтарып алынады.

Ал қандастарға жер учаскесі жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Олар ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады.

Тағы оқыңыз: Министр Омаров шетелдіктер қанша гектар жерді жалға алып отырғанын айтты  

13 наурызда мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады. Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

1206
Кілт сөздер:
жер, ауыл шаруашылығы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев жерді сатуға немесе жалдауға тыйым салатын заң жобасын мәжіліске жолдады
Шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салатын заң жобасы сенатқа жолданды
Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын талқылайды
Жерді сатуға тыйым салатын заң президентке жолданды