Алексей Цой QazVac екпесін салдырды

Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды

1762
(Жаңартылды 10:44 26.04.2021)
Денсаулық сақтау министрінің отандық вакцинаны салдырған сәті Хабар24 телеарнасы мен министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды және оны тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық QAZVAC вакцинасы мен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды. Ведомство басшысының вакцина салдыру сәті Хабар24 телеарнасы мен министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс

Айта кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және аймақтар бойынша 50 мың доза мөлшерінде таратылаған қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыру басталды (QAZVAC).

1762
Кілт сөздер:
вакцина, екпе
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (195)
Тақырып бойынша
Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді
Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды: қай өңірлер көш бастап тұр
Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Карантин кезінде банк алдында кезекте тұрған адамдар

Сенат депутаты кейбір қазақстандықтарға кредиттік каникул беруді ұсынды

2
Депутат оңтүстіктен солтүстікке көшетін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сенатор Әлімжан Құртаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтардың "Еңбек" бағдарламасына қатысуына толыққанды жағдай жасалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құртаев әкімдіктер солтүстікке қоныс аударушыларға өмір сүру мен еңбек етуге лайықты жағдай жасамай отыр деп санайды.

"Көшуге ниет білдірген отбасы өзі баратын өңірдің ауданы туралы барлық ақпаратқа толық қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың таңдауы шектеулі. Кейбір әкімдіктер отбасын қалаған ауылға емес, әкімдік өзі көрсеткен елді мекенге жібереді", – деді ол вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Тағы бір мәселе – тұрғын үйдің сапасы. Оның айтуынша, кейбір өңірлерде жер үйлердің құрылысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және баспананы келісу процесінен толық өтпестен сала береді. Осының кесірінен үйлердің сапасы сын көтермейді.

Сонымен қатар Құртаев банкте қарызы бар азаматтар субсидияға қол жеткізе алмай қиналатынын атап өтті. Депутат бұл мәселені шешу үшін несиелік каникул беруді ұсынды.

"Көшіп барған азаматтардың екінші деңгейлі банктерде несиесі болған жағдайда, алты айдан бір жылға дейін каникул берілсе. Себебі көшіп барған азаматтардың несиелік қарызы болса, оларға субсидия берілмей жатыр", – деді сенатор.

Бұдан бөлек, депутат оңтүстіктен солтүстікке көшетін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Ол үшін кем дегенде жіберуші және қабылдаушы облыстарда Call-орталық ашу қажет. Онда қоныс аударушыларға толық ақпарат пен барлық сұрақтарына жауап берілуі керек.

"Call-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін көшуге ниет білдірген азаматтарды бос жұмыс орындары, баспанамен қамту, көрсетілген облыстарда шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және тағы басқа мәселелерден хабардар ете алатын мамандарды тарту қажет", – деді Құртаев.

Депутат Павлодар облысындағы оң тәжірибені тілге тиек етті. Айтуынша, бұл өңірде жаңадан көшіп келгендерді қоныс аударушыларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасына уақытша орналастырып, қажетті мамандарды аудандарда сұранысқа ие жұмыс орындарына орналастырады.

Оқи отырыңыз: Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

Сенатор орталықтың жұмысы тиімді екенін айтып, басқа облыстарда да осындай мекемелер ашуды ұсынды.

2
Кілт сөздер:
сенатор, Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы
Тақырып бойынша
"Тоғыз ай соттасуға мәжбүр": депутат онлайн кредит мәселесін көтерді
Түркістан облысында кредит алған әйелді шырылдатқан банк қызметкері ұсталды
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Солтүстік Қазақстанда жұмысшы алаяқтарға беру үшін 2 миллион теңге кредит алған
Жедел жәрдем көлігі

Қазақстанда өткен тәулікте 25 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

4
Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Қарағанды облысына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидті пневмониядан қайтыс болу статистикасын жариялады.

Ведомство мәліметінше, 11 мамырда 20 адам COVID-19 індетінен, тағы бесеуі коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды, бірақ ПТР сынағы теріс.

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматыда тіркелді – 6, Қарағанды ​​облысында – 3, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында бір адамнан тіркелді.

"13 мамырдағы жағдай бойынша 39 626 адам коронавирустық инфекцияны емдеуді жалғастыруда (39 143 CVI+ және 483 CVI-), оның ішінде 14 124 науқас ауруханада, 25 502 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 788 науқас ауыр жағдайда болса, 183 адамның хәлі ауыр дәрежеде және 116 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирустың 350 591 жағдайы анықталды, 307 464 адам сауығып шығып, 3 984 науқас көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

4
Кілт сөздер:
коронавирус, емделу, қайтыс болды
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Желіде масаның коронавирус тасымалдайтыны туралы хабарлама тарап жатыр
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
Қазақстанда тағы бір облыс коронавирус деңгейінің "сары" аймағынан шықты
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны өсті