Қоғам

Цой Біртановты министрлікке жұмысқа аласыз ба деген сұраққа жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевБұрынғы министр Елжан Біртанов
Бұрынғы министр Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Бұған дейін үйқамақта отырған экс-министр Елжан Біртанов отбасын асырау үшін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір –  Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Елжан Біртановтың сотта жұмысқа оралуға рұқсат беру туралы өтінішіне қатысты түсініктеме берді.

"Сот Елжан Біртановқа үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат етті. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдемге қабылдайсыздар ма?", - деп сұрады журналист Цойдан.

"Қазіргі таңда біз де осындай ақпарат алдық. Білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Цой.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан, яғни бес айдан астам уақыттан бері үйқамақта отыр. Ол аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді.

Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдан 2020 жылға дейін басқарды.

Тағы оқыңыз: Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

Сотта экс-министр отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді өтінді. Сәуір айының соңында сот үйқамақ мерзімін 14 мамырға дейін созды, алайда Біртановқа сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат берді.

Судья Біртановтың асырауында бес баласы (оның үшеуі кішкентай) және қарт анасы бар екенін ескерді.

Жаңалықтар
0