Телефон мен ақша

Желіде 42 500 теңгені қайтару туралы хабарлама тарап жатыр

654
Қазақстандықтарды бұрын алған әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттеп жатыр деген хабарлама шындыққа жанаспайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған жұмыссыздар мемлекетке 20 мың теңгені қайтаруға міндетті екені туралы жаңалық талқыланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Былтыр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін адамдарға 42 500 теңге төленді.

"Егер азамат пандемияға дейін жұмыссыз болса, ол Қазақстан аумағында енгізілген шектеулерге байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше ол 42 500 теңгені алуға өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңгені қайтаруды талап етіп жатқан жоқ", – деді еңбек министрлігіндегілер.

Демек қазақстандықтарды бұрын алған әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттеп жатыр деген хабарлама шындыққа жанаспайды.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді

Айта кетейік, желіде 42 500 теңгені қайтару туралы жалған ақпараттар бұған дейін де тараған болатын.

654
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлем
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (817)
Тақырып бойынша
Президент 42 500 теңге жайлы: басқа елдерде мұндай жәрдемақы берілген жоқ
Жаңа жылда 42 500 теңгеге қандай дастарқан жаюға болады – маман кеңесі
Келесі жылы қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме - министр жауабы
Жаңа заң жобасы: жұмыс берушілер 42 500 теңге төлеуге міндеттелуі мүмкін
Қазақстандықтарға 42 500 теңге алу туралы SMS-хабарлама неге қайта келіп жатыр
"42 500 теңгені кімдер қайтаруы тиіс": мемлекеттік сақтандыру қоры түсініктеме берді
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

33
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

33
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды - мемлекеттік корпорация

823
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

823
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс