Қоғам

Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты

© Photo : Сайт клиники "Экомед"Салтанат Байкошкарова - "автор" первого казахстанского ребенка "из пробирки", научный директор Центра ЭКО "Экомед"
Салтанат Байкошкарова - автор первого казахстанского ребенка из пробирки, научный директор Центра ЭКО Экомед  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Ол жүктілікті вакцина салдырған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті. Айтуынша, вакциналау сау баланы дүниеге әкелуге септігін тигізеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы Салтанат Байқошқарова вакциналау жүктілікке қалай әсер ететіні туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады Almaty.tv.

Оның айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін денеден тыс ұрықтандыруға қабылдамайды деген ақпарат жалған.

"Керісінше мамандарымыз бірінші вакциналаудан өтіп, жүктілікті содан кейін жоспарлауды қолдайды. Жүктілік кезінде вирустық аурулармен ауыру ананың және іштегі баланың денсаулығы мен өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ал вакцина салдырғаннан кейін пайда болған иммунитет бұл қауіпті едәуір төмендетеді", - дейді Салтанат Байқошқарова.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады 

Ол жүктілікті вакцина қабылдаған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті. 

"Вакциналау бедеулікке әкеп соқтырады деген де жалған ақпарат. Вакциналау ер адамның да, әйел адамның да бедеулігіне алып келмейді. Керісінше жүктіліктің алдында егілген вакцина оның қиындықсыз өтуіне септігін тигізеді", - деп түйіндеді ол.

 

Жаңалықтар
0