Қоғам

Сенат төрағасы коронавирус жұқтырды

© Photo : пресс-служба сената парламента РКСенат төрағасы Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Сенат төрағасы пандемияның екпіні әлі бәсеңдемегенін атап өтіп, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайтынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", – деп жазды Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда сенат төрағасы пандемияның екпіні әлі бәсеңдемегенін де атап өтті. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды.

"Бұл ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", – дейді Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Әшімбаев ашаршылық туралы: әлі ашылмаған ащы ақиқат аз емес

Айта кетейік, өткен бір тәуліктің ішінде республика бойынша 2 284 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.

Ал жалпы пандемиия басталғалы бері инфекцияны елімізде 311 400 адам жұқтырған. Олардың басым бөлігі жазылып шықты.

Жаңалықтар
0