Коронавирус бар түтікше, архивтегі сурет

Алматыда сынамалардың 78 процентінен "британдық" штамм анықталды Бекшин

97
Санитарлық дәрігерлер коронавирустың "британдық", "даниялық", "бразилиялық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарын анықтау үшін сынамаларды зерттейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары вирус жұқтырған пациенттерден алынған сынамаларды зерттейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Бұған дейінгі зерттеудің қорытындысы бойынша алматылық науқастардан алынған сынамалардың 78%-інен "британдық" штамм табылды. Сондай-ақ коронавирустың "бразилиялық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдары анықталды, деді Бекшин.

"Келесі аптадан бастап біз вирустың мутацияланған түрлерін анықтау үшін 1 000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз. Мутацияға ұшырағандардың арасынан "британдық", "даниялық", "бразилиялық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарды анықтаймыз. Коронавирустың жаңа штаммдары адамға тез жұғады. Олардың инкубациялық кезеңі де қысқа", - деді ол.

Алматының бас санитар дәрігері мутациялар, негізінен, жас буынға "бағытталғанын" атап өтті.

Тағы оқыңыз: Алматыда зират он күнге жабылады

"Өздеріңізге белгілі, наурызда симптомды аурулар саны 90%-ке артты, ал қаңтарда олар барлық науқастың 73%-ін құраған еді. Коронавирусты 20-39 жастағы адамдар жиі жұқтырады – 36%. Сондай-ақ бір жасқа дейінгі балалар арасында ауруға шалдығу 2%-ке, 6 жастан асқандар арасында 22,5%-ке өсті. Мектеп оқушылары жиі ауыра бастады –  8%. Үйде онлайн оқып жатқан балалар ауырып жатыр", - деді Бекшин.

Адамдар вирусты, негізінен, үйде және сауда орындарында жұқтырады.

97
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда локдаун енгізіле ме - Бекшин жауап берді
Алматыда Арбатта серуендеуге болмайды: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Жол көлік апаты

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды: 6 адам зардап шекті

2
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам жарақат алған, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр - Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданында ірі жол апаты болды.

Оқиға куәгерлері мен қатысушыларының айтуынша, Volvo жүк көлігі кептелісте тұрған авткөліктерге соғылды.

Volvo жүк көлігінің жүргізушісі артқы айнаға алаңдап қалған.

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысты

Ең алдымен ол жылдамдықпен Lexus-тың артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болады.  Жеңіл автокөлік өз кезегінде Toyota Surf-ті, ол алдында тұрған Nissan Almera-ға соғылды.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысқан

Атап айтсақ, Lexus RX 300 көлігіндегі бес адам: жүргізуші мен жолаушылар, оның ішінде 10 жасар бала. Сондай-ақ Nissan Almera-ның жолаушысы - төрт жасар қыз.

Алтауы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

2
Кілт сөздер:
Алматы, балалар, жүк көлігі, автокөлік, жол апаты
Тақырып бойынша
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады – видео
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

102
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

102
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады