Ноутбук алдында отырған бойжеткен

"Тоғыз ай соттасуға мәжбүр": депутат онлайн кредит мәселесін көтерді

197
2020 жылдың қорытындысы бойынша микрокредиттік ұйымдар сайты арқылы онлайн несиелерді ресімдеу бойынша 3 мың құқықбұзушылық жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев микроқаржы ұйымдарының онлайн кредит беру рәсімдерін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат соңғы жылдары халыққа шағын несие берумен байланысты алаяқтық фактілер жиілеп кеткенін айтты.

"Депутаттарға алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар жиі шағымданады. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдейді. Ал ең сорақысы зардап шеккендер рәсімделген кредит туралы белгілі бір уақыттан кейін ғана, яғни коллекторлық агенттіктер мазалай бастаған кезде біледі", – деді ол қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымоваға жолдаған депутаттық сауалында.

Ішкі істер органдарының ресми дерегінше, 2019 жылы интернет алаяқтықпен байланысты 7 732 қылмыс тіркелсе, ал 2020 жылы мұндай фактілердің саны екі есеге артып, 14 110 қылмысты құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша микрокредиттік ұйымдардың сайты арқылы онлайн несиелерді ресімдеу бойынша 3 мың құқықбұзушылық жасалған.

Сондай-ақ интернетпен кез-келген азаматтың жеке кабинетіне қосылу арқылы олардың картасынан ақша ұрлау бойынша 2,2 мыңнан астам алаяқтық тіркелген.

"Бұл мәселенің күрделі екеніне дәлел ретінде, кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысында ер адам алаяқтық жолмен өзге азаматтарға 50 кредит рәсімдегенін айтуға болады. Ол өз ойын іске асыру үшін өзге азаматтардың жоғалған жеке куәліктерін пайдаланған. Жоғарыда көрсетілген нақты мысал, микроқаржы ұйымдарының онлайн қарыз беруде жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімдерін реттеу жүйелері толық пысықталмағанын көрсетіп тұр. Осыған байланысты, жапа шеккен азаматтар өзінің кінәсіз екенін мойындатып, заңсыз несиені өшіру үшін 9 айға дейін соттасуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде жәбірленушінің несиелік тарихына зиян келтіріп, қолма-қол ақшасыз төлем жасауына кедергісін тигізеді", – деді Бейсенбаев.

Осы ретте мәжілісмен микрокредиттік ұйымдардың онлайн несие беру бойынша рәсімдерін қысқа мерзімде қайта қарауды ұсынды.

Бейсенбаев клиенттің биометриялық ерекшеліктерін сәйкестендіру процедураларын күшейту, нақты уақыт режимінде кескінді тексеру және растау, яғни алаяқтардың бұрын дайындалған бейне немесе фото материалдарды қолдануына жол бермеу қажет деп санайды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында кредит алған әйелді шырылдатқан банк қызметкері ұсталды

Сондай-ақ депутат ақпараттық-бағдарламалық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-кредит ресімдеу кезінде екі сатылы аутентификацияны енгізу керек деп есептейді.

197
Кілт сөздер:
алаяқтық, кредит
Тақырып бойынша
Кредит төлеуден жалтарған Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейлерді алдамақ болды - видео
Банктердің бірі 750 000 теңгеге дейін процентсіз кредит береді
Тоқаев кредит төлеу мерзімін кейінге қалдыруды тапсырды
Кредит төлемдерін кейінге шегеру: депутат жеңілдіктің тиімсіз тұсын атады
Солтүстік Қазақстанда жұмысшы алаяқтарға беру үшін 2 миллион теңге кредит алған
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

78
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

78
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

38
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

38
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1070
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1070
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы