Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

9623
(Жаңартылды 17:06 28.04.2021)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы президентке тірек болуға тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Елбасы" туралы Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамбеясын өмір бойы басқару құқығы маған тиесілі. Бірақ мен мүлде бас тартпаймын, үнемі қастарыңызда боламын. Алайда ел президенті бірқатар өкілеттікке ие. ҚХА елдің қазіргі президентіне тірек болуға тиіс. Мемлекет басшысы да Қазақстан халқы Ассамблеясына арқа сүйейді. Сол себепті мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым", - деді Назарбаев.

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

9623
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

151
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

151
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

1843
(Жаңартылды 13:38 14.05.2021)
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

1843
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
Иллюстративті фото

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

13
(Жаңартылды 13:44 14.05.2021)
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

13
Кілт сөздер:
Сәтпаев қаласы, педофил
Тақырып бойынша
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды
Алматыда жаппай вакциналау қайта басталады – денсаулық басқармасы мерзімін атады
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 54 адамға қатысты сот басталды