Қоғам

Нұр-Сұлтанда инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеді - бас санитар дәрігер

© Photo : сайт акимата столицыГлавный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова
Главный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Бір аптада COVID-19 жұқтырудың 3 371 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 11 процентке төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Нұр-Cұлтан қаласында коронавирус жұқтырудың апталық көрсеткіші төмендеп келеді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы алты күннің ішінде қалада 100 мың тұрғынға шаққанда апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін аздап төмендегені байқалды. Мәселен, бір аптада COVID-19 жұқтырудың 3 371 жағдайы тіркелген, сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 11 процентке төмен. Алдынғы аптада 3 808 жағдай болған", - деді Бейсенова әкімдікте өткен онлайн брифингте.

Дегенмен, эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып тұр. Қала бір жарым ай бойы "қызыл" аймақтан шықпай жатыр. Күн сайын коронавирус жұқтырған 300-600 адам анықталады.  

Оқи отырыңыз: Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

"Қазіргі кезде қалада белсенді 2 553 ошақ бар. Оның ішінде үй ошақтары - 1 724, ұйымдар арасында - 824, медициналық бақылауда 5 572 адам бар", - деп атап көрсетті Бейсенова.

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша 2 883 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 584 адам бар.

Жаңалықтар
0