QazVac екпесі

Алматыда бір күнде неше адам отандық вакцинаны салдырды

92
(Жаңартылды 21:14 29.04.2021)
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 211 вакцина салу пункті жұмыс істеп тұр. Егу пункттері діни ұйымдарда да ашылды

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда бір күнде 300-ден астам адам QazVac вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Алмалы аудандық медицина бірлестігінің үйлестірушісі Фарида Ағыбаева мәлімдеді.

Маманның сөзінше, 2021 жылдың 28 сәуірінде қалада 8 468 адам вакцина салдырды, оның ішінде 316 адам отандық вакцинаны таңдаған. Ал отандық вакцина қалаған жеткізілген уақыттан бастап 2 016 алматылық QazVac вакцинасын салдырды.

Алматы қаласы бойынша 2021 жылдың бірінші ақпанынан бері 204 504 адамға вакцина салынды. Оның ішінде:

  • 16 787 адам – құқық қорғау органдарының қызметкері;
  • 16 820 – педагог;
  • 23 061 медицина қызметкері бар.

Айта кетейік, қалада қазір 211 пункт вакцина салу мақсатында жұмыс істеп тұр. Егу пункттері діни ұйымдарда да ашылды.

"Қалқаман" (Наурызбай ауданы, Аспандияров көшесі, 84) және "Нұр" (Наурызбай ауданы, Дәулеткерей көшесі, 118) мешітіне келушілерге вакцинация пункттері жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар 30 сәуірге дейін "Музаммиль" (Әуезов ауданы, Яссауи көшесі, 90), "Әл-Мәдина" (Жетісу ауданы, Федоров көшесі, 12), "Абдулла" (Түрксіб ауданы, Баймағамбетов көшесі, 183А), "Алматы орталық мешіті" (Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 16) мешіттерінің аумағында тағы да бірнеше пункт ашу жоспарланған.

"Вознесенский кафедральный собор" (Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 40) және "Храм Христа Спасителя" (Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 493) шіркеуінде вакциналау пункті ашылған. Ол жерде жексенбіде де вакцина салдыруға болады.

Оқи отырыңыз: Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты

Айта кетейік, 25 сәуірде Алматы қаласында QazVac (1 және 2 компоненті) отандық вакцинасының 6 000 дозасы жеткізілді.

Қазір қалада вакцинаның 75 411 дозасы бар.

92
Кілт сөздер:
вакцина, екпе
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (196)
Тақырып бойынша
Коронавируспен ауырған дұрыс па, әлде вакцина салдыру керек пе - маман жауабы
Министр Цой отандық вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтты
Алматыда вакцина салдырғанын айғақтайтын паспорт сатылып жатыр ма – басқарма жауап берді
Атырау облысының әкімі вакцина салдырды – фото
Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады – министрлік түсініктеме берді
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

151
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

151
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

1838
(Жаңартылды 13:38 14.05.2021)
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

1838
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
Иллюстративті фото

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

13
(Жаңартылды 13:44 14.05.2021)
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

13
Кілт сөздер:
Сәтпаев қаласы, педофил
Тақырып бойынша
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды
Алматыда жаппай вакциналау қайта басталады – денсаулық басқармасы мерзімін атады
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 54 адамға қатысты сот басталды