Баян Максаткызы (Есентаева) встретилась с читателями в Астане и провела автографсессию

Баян Алагөзованың басы бәлеге қалды: алданған жұрт жаппай полицияға арыз жазып жатыр

6268
Продюсер Баян Алагөзова тендерден пайда табатын мекеменінің мақтауын асырып, өзгелерді инвестиция құюға шақырып жарнамалаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. 200-ге жуық алматылық тендерден пайда көремін деп, Astex.kz компаниясына құйған 2 миллиардын қайтара алмай жүр. Ақшамен қоса компания қожайыны да ұшты-күйлі жоқ.

Тендерден пайда табатын мекемені бірігіп құрған туған бауыры жауаптан беруден ат-тонын ала қашты. Олардың мақтауын асырып, өзгелерді инвестиция құюға продюсер Баян Алагөзова шақырып жарнамалаған. Алданғанын енді түсінген жұрт жаппай полицияға арыз жазып жатыр, деп хабарлады КТК.

"Бұл Қазақстандағы тендерлік жобаларға ақша салу арқылы еш қауіптенбей-ақ ақша табуға болатын жалғыз компания...".

Баян жарнамалаған бұл компанияға жұрт ағылып келген. Ал сол "Астекстің" басы-қасында жүрген – ағайынды Шыңғыс пен Алмас Құрманғалиевтер. Тендерден теңге табуға көмектесіп, олардың клиентін көбейту үшін бұл іске "Мудараба капитал" мекемесі делдал ретінде тартылыпты. Енді олардың өзі жұртпен бірге алдандық деп, азын жазған.

"Бір апта бұрын "Астекс" компаниясының директоры Алмас Құрманғалиевтің атына арыз жазып, іс қозғалды. Бұл компанияны 2019 жылы Алмас және Шыңғыс Құрманғалиевтер құрған. Жарнамаларын көріп қызықтық. Шыңғыс тендерге қатысуға оқытады. Ал Алмас тендерді ұтуға көмектеседі. Біз агент компания ретінде жұмысқа кірісіп, енді алданып қалып отырмыз", - дейді Mudarabah Capital компаниясының бас директоры Руслан Бурканов.

Олар тендерден ұтқан соманың 20 пайызын арадағы агент компанияға беріп отырады. Ал делдал мекеме айына салымшыға құйған сомасының 7-8 пайызын аударады. Салымшылар кемі 5 миллион теңгеден құюға тиіс болған. "Мударабаны" да елдегі танымал вайнерлер жарнамалап, ел құлағын елең еткізді. Енді кешірім сұраса таңғалмаңыз.

Алданғандардың бірі – Арайлым. Жарымен кәсіп бастауға жиған қаржысын "Астекстің" аранына тастағанын кеш ұққан.

"Блогерлер жарнамасын жақсылап беріп жатты, біз солай шештік, инвестиция берейік дедік. Біз екі ай күттік. Екі айдан кейін тағы бермеді. Барып шартты бұздық. Бірақ содан кейін өз ақшамызды ала алмай қалдық. Міне, бес ай болды", - дейді ол.

Арайлым секілді алданғандар 200-ге жуықтайды. Айналып келгенде 2 миллиард теңгені қалтасына басқан Алмас Құрманғалиев агент мекемені де, оларға сенген салымшыларды да сан соқтырып кеткен. Ал туған бауыры Шыңғыс "бұл былыққа қатысым жоқ" деп, өзіне шаң жуытар емес. Тіпті "ағаммен аразбын, араласпаймын, өзі жауап берсін" деп сұрақтан сытылды.

"Бұл компанияны менікі деп есептегенмін. Алмас "Астекс" брендін пайдаланып, "Астекс kz" деп атауын өзгертіп, жұмысын "Мудараба капиталмен"жүргізді. Енді мені араластырмай, Алмас пен Руслан Бурканов салымшылар алдындағы шаруаларын өздері шешсін", - дейді Шыңғыс Құрманғалиев.

Бір қызығы, "ағаммен аразбын" дегенмен, Шыңғыс пен Алмас Құрманғалиевтің кеңсесі бір ғимаратта. Екеуі де осыған дейін істі болған. Алмас Құрманғалиев 2010 жылы монополияға қарсы инспекцияда жұмыс істеп жүріп, 5 мың доллар пара алғаны үшін сотталса, Шыңғыс сол жылдары қаржы полициясының қызметкері бола тұра, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жаза арқалаған. Айыбын өтеген соң аяқасты тендерге бет бұрған ағайындылар ол кезеңді не растағысы, не жоққа шығарғысы келмейді.

Ал полиция департаменті күмәнді компанияға қатысты тексерісті салымшылар арызының негізінде бастап кетті.

"Қазір мән-жайын анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған тергеу іс-шарасы жүргізілуде", - деп түсіндірді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталмыш істегі күдіктілердің тізімі көбеюі мүмкін. Алмас Құрманғалиевке көмектескендердің арасында Тимур Оспанов деген кеңесшісінің аты аталады. Ол жағын тергеу нақтылайды. Арыз түскенмен, неге екені белгісіз, ұшты- күйлі жоғалған Алмас Құрманғалиевке әлі іздеу жарияланбады. Бейресми дерек бойынша, ол миллиардтарымен Грузияға кетіп қалған.

6268
Алматы маңы

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

1022
(Жаңартылды 20:30 17.05.2021)
18 мамырда республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Синоптиктер ертеңгі күннің ауа райын болжады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"Елдің солтүстігінде дауылды жел соғады. Тек, оңтүстік пен батыста жауын-шашын күтілмейді. Екі облыста дабылды ескерту жарияланды", – делінген хабарламада.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Дабылды ескерту

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз бұлтты болады, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде термометр +14, +16 градусты көрсетеді.

Алматыда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы қалыптасып, күндіз +24, +26 градус, ал түнде 9-11 градус жылы болады.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Шымкентте күн бұлтты және жауын-шашынсыз. Күндізгі ауа температурасы +29, +31 градус, ал түнде +15, +17 градусты көрсетеді.

1022
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті қайта құрылымдаудан өтеді: үкімет қаулы жобасын жариялады

47
Қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігі мен білім министрлігі жауапты болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанда қайта құрылымдаудан өтетін болды. Мұндай қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.

Қазақстанның Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның 11-бабының 4-тармақшасына сәйкес республика үкіметі коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта құру туралы шешім қабылдады.

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын оған еншілес ұйым "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.

Академияның қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен білім министрлігі жауапты болып табылады.

Ал ашық құқықтық актілер порталындағы бұл құжатты қоғамдық талқылау 31 мамырға дейін жалғасады.

Қаржы академиясы туралы

Қаржы академиясы елордада 50 жылдан астам бері жұмыс істеді. Оның негізі Қазақ КСР қаржы министрлігінің Целиноград қаржы-экономикалық колледжінде 1965 жылы қаланды.

Жарты ғасыр ішінде академия өз атауын бірнеше рет өзгертті. 2009 жылы министрлер кабинетінің шешімімен жаңа типтегі мамандандырылған университет – қаржы министрлігі жанындағы қаржы академиясы ретінде құрылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

Академия қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандарды дайындайды. Қаржы академиясының президенті – Наталья Коржова, ол Қазақстанның қаржы министрлігін басқарған алғашқы әйел.

47
Кілт сөздер:
академия, ЖОО
Тақырып бойынша
Әйелді ұруға болады деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды
Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы
Түркістан қаласында жаңа университет ашылды
ҚазҰУ университет жерінің сатылғанына қатысты ақпаратқа жауап берді
Қазақстанда бір университет бас лицензиясынан айырылды
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ