Қоғам

Қазақстан өңірлеріне таяуда қытайлық вакцина жеткізіледі – Цой

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Sinopharm компаниясының вакцинасы бүгін түседі және Қазақстанның барлық өңіріне таратылады  

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Таяуда Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 750 мың дозасы ел өңірлеріне таратылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін біз қытай технологиясы бойынша өндірілген араб вакцинасын аламыз. Бұл Sinopharm компаниясының вакцинасы. Аталған вакцина бүгін түседі және Қазақстанның барлық өңіріне таратылады. "Самұрық-Қазына" қорынан бөлек, вакцинаның 750 мың дозасы ел халқына бағытталады", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Осылайша, министрдің айтуынша, қазақстандықтар ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналарының біреуін таңдай алады.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қоры қытайлық "Sinopharm" компаниясы "Vero Cell" атауымен жасаған вакцинаның бір миллион дозасын сатып алғаны хабарланған еді.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады 

Еске салсақ, Қазақстанда бірінші ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталды. 30 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 1 184 124 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екінші компонент 239 965 адамға егілді.

Жаңалықтар
0