Қоғам

Әскерилерге түйе етінен тамақ жасалуы мүмкін – қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуМясоперерабатывающее предприятие
Мясоперерабатывающее предприятие  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Министрдің орынбасары биыл тамақтануға республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі сарбаздарға түйе етінен тамақ жасау мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер әскерилерге түйенің етінен тамақ жасау туралы сұрады.

"Бірнеше жыл бұрын қарулы күштер үшін түйе етінен консервілер жасалады деген әңгіме шыққан. Бұл ақпарат қаншалықты дұрыс? Ондай тамақ өнімдері бар ма?", – деді журналистер.

Оқи отырыңыз: "Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді

Тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары – тыл бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағанбетовтың айтуынша, алдағы уақытта түйенің еті күнделікті рационға енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі кезде нормада түйенің еті қарастырылмаған. Бірақ алдағы уақытта тамақтану академиясымен бірлесіп, жұмыс жасалғанда қарастырылуы мүмкін", – деп жауап берді Досмағанбетов.

Ал қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов тамақтану академиясымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы айтып берді.

"Биыл Қазақстанның тамақтану академиясымен келісімшарт рәсімдейміз. Сол кезде тамақтану нормасын қайта қараймыз. Өзіміздің қазақстандық "фишкаларды" қолданамыз. Соның ішінде жылқы мен қой еті, құрт және тағы басқа да ұлттық тағамдар бар", – деп атап көрсетті Таласов.

Осы орайда министрдің орынбасары тамақтануға бөлінген ақшаның жалпы сомасын атап өтті. Оның айтуынша, биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге бөлінген.

Жаңалықтар
0