Архивтегі фото

Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден төленеді

74
Биыл жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысқан 123 адамға миллион теңгеден беріледі

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Алматыда Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге миллион теңгеден төленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін Алматы қаласы мәслихаты жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек беру туралы ұсынысты қолдады", - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еңбек майданына қатысушылары әрі бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлердің жұбайы 50 мың теңгеден алады.

Осылайша биыл жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысқан 123 адамға миллион, 4 мыңға жуық адамға 100 мың, 12 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден беріледі.

100 мың теңге жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне төленеді.

Оқи отырыңыз: Министрлік Мәскеуде өтетін әскери парадқа қатысты ақпарат таратты

Еңбек майданына қатысушыларға, ҰОС қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 50 мың теңгеден беріледі.

Айта кетейік, елордада 25 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Оларға да биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

74
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ұлы Отан соғысы ардагері, Ұлы Отан соғысы
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

78
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

78
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

38
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

38
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1081
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1081
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы