Ескендір Хасанғалиев

Әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды

3220
(Жаңартылды 20:59 30.04.2021)
Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 81 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов қаралы хабарды әлеуметтік желіде жариялады.

"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты", – деп жазды ол facebook-тегі парашасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқандығы жөнінде ақпарат тараған.

Кейіннен ақпаратты әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлаған.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, - деді Біржан Хасанғалиев.

Сол кезде Біржан Ескендірұлы анасы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келе жатқанын айтқан.

Есендір Хасанғалиев туралы не білеміз

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл ауылында дүниеге келген.

Математика пәнінің мұғалімі болған әкесі Құбаш Ибрашев 1918-1942 жылдары өмір сүрген. 24 жасында өмірден өткен. Анасы Ханаш Өтегенова 1924-1985 жылдары ғұмыр кешті. Әкеден ерте жетім қалған Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Бахия Хасанғалиевтардың қамқорлығында болады.

Ауыл баласы алғаш рет нотамен Орал қаласында алты ай баян аспабында ойнайтын музыканттар курсында танысқан. Ал фортепианоны алғаш рет 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның дайындық бөліміне түскен кезде көрген. Ол кезде әнші 19 жаста еді.

1963 жылы Қазақ радиосында музыка редакторы болды. Бір жылдан соң Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды-хор фaкультетiн Галина Виногрaдова мен Надия Шәріповaның клaсында бітірген.

Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар институтында хор дирижері, Қазақ радио және телеарна оркестрінің солисі қызметін атқарды.

1978 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген.

Шығармашылық жолы

Ескендір Хaсaнғaлиев орындaу мәнерiмен ерекшеленіп, қазақ эстрадалық-симфониялық теледидар және радио оркестрінің солисі болды. Халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін орындап көпшілікке танылды.

Алғашқы "Анаға сәлем" әнін 1961 жылы шығарды. Ән бірден халық арасында кең таралып, композитор ретінде осы әнмен танымал болды. Туынды 60 жылдан бері көпшілік көңілінен орын алып келе жатыр.

Кейіннен "Асыл арман", "Әдемі-ау", "Сағындым сені", "Бозторғайым" секілді танымал әндер жазылды. 50 жылдан астам уақытта 200-ге жуық ән, романс, хорға арналған шығармалар, фильм мен музыкалық қойылымдарға әуен жазды.

Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған "Әдемі-ау" әнін 70-ші жылдары Қарағандыдағы концерттердің бірінде кездейсоқ көріп қалған қызға арнаған. Төрт жылдан кейін ол қызды Алматыда тағы бір кездестіріп, кейін сол қызбен отбасын құрады.

Композитор жары Дарико Хасанғалиеваға (тұрмыс құрғанға дейін Ашляева) өзге де лирикалық әндер арнады. Соның ішінде "Гүл сезім", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат" әндері бар. 

Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған патриоттық "Атамекен" әні 1970 жылы Қазақ ССР-дің 50 жылдық мерейтойына арналып жазылды. Ал 1978 жылы ұлы Біржанның дүниеге келуіне орай "Келші-келші, балашым" әнін жазды.

Сонымен қатар "Тақыр", "Нан мен тұз" фильмдеріне, "Студенттер" спектакліне музыка жазды. 1968 жылы Сочиде өткен халықаралық жастар әні фестивалінің дипломанты атанды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия, Болгaрия, Югослaвия, Aлжир, Сирия мен Ливaн, Швеция және Финляндияда болды.

2010 жылы Өтеген Оралбаевтың сөзіне жазылған "Азиада алауы" әні 107 әннің ішінен іріктеліп, Қазақстанда өткен Азиаданың әнұранына айналды.

Марапаттары

Ескендір Хасанғалиев түрлі марапатқа ие болған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы, Қазақ КСР-нің Халық артисі құрметті атағының иегері. Сондай-ақ, "Құрмет" ордені, "Астана" медалінің иегері. 2015 жылы Ақордада Елбасы Назарбаевтың өз қолынан ең жоғарғы мемлекеттік марапат "Отан" орденін алды. 

Әнші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты. Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды.

Жинақтары

1967 жылы "Асыл арман" жинағы жарық көрді. 1970 жылы "Атамекен", 1978 жылы "Өмірімнің жазы", 1980 жылы "Бозторғайым", 2006  жылы "Ескірмеген махаббат" нота жинақтары жарық көрді.

Отбасы

Әйелі Дарико Сопыжанқызы Хасанғалиева 1943 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Мамандығы – дәрігер-фтизиатр. Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі әрі "Құрмет", "Шапағат" орденінің иегері.

Ескендір Хасанғалиев отбасымен
© Photo : отбасының жеке архивінен
Ескендір Хасанғалиев отбасымен

Екі қыз, бір ұлы бар. Ұлы Біржан Хасанғалиев – эстрада әншісі, композитор. 2015 жылдан бастап Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждің директоры.

Әнге тыйым салды

Композитор үнемі ұлы Біржанмен дуэт орындайды. Әке мен ұлдың орындауында "Ескірмеген махаббат", "Студенттер әні", "Ақтілек", "Атамекен" әні көпшілікке кеңінен танымал.

Біржан Хасанғалиев бірнеше жыл бойы әкесінің кеңес кезеңінде орындаған әндерін жинап, 2010 жылы 70 жылдығына орай жинақ шығарды. "Әндер антологиясы" деп аталатын жинаққа 144 туынды енген.

Ескендір Хасанғалиев пен ұлы Біржан Хасанғалиев
© Photo : отбасының жеке архивінен
Ескендір Хасанғалиев пен ұлы Біржан Хасанғалиев

1970 жылы жазылған "Атамекен" әнін 1986 жылдың желтоқсанында Алматы жастары орындады. Содан кейін радио мен телеарналардан бұл әнді қоюға тыйым салынды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тыңдаушысымен қайта қауышқан ән бүгінде еліміздің ресми емес әнұраны ретінде орындалады.

Кеңес одағы кезінде Ескендір Хасанғалиев консерваторияның композитор бөлімін аяқтамағандықтан, КСРО-ның композиторлар одағына мүше бола алмаған. Тәуелсіздік алғаннан кейін досы Әсет Бейсеуов екеуі одаққа мүше болды.

Оқи отырыңыз: Ескендір Хасанғалиевпен сұхбат: өнерге қалай келгені, әндері және отбасы жайлы

1983 жылы Ташкенттің 2000 жылдығы қарсаңында Хасанғалиев "Ташкент жайлы ән" деп аталатын ән жазады. Осы әнмен алматылық делегация Ташкентке барған. Жиын барысында Ескендір Хасанғалиевтің даусымен жазылған ән қойылған. Сол кезде Өзбек КСР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Шараф Рашидовқа бұл ән ұнап қалып, Дінмұхамед Қонаевқа хабарласып, алғысын айтқан. Сондай-ақ, әнші-композиторға сый жасауын ұсынады. Нәтижесінде Хасанғалиевке Қазақ КСР-нің Халық артисі құрметті атағы берілді.

3220
Кілт сөздер:
қаза, әнші
Тақырып бойынша
"Орны толмас қайғы": Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты
"Ол әркез жадырап жүретін": президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Бұрынғы қаржы министрі дүниеден озды - Назарбаев көңіл айтты
Некесіз туған немере мен алданған әнші: 2020 жылы ел аузынан түспеген кімдер?
Әнші Досымжан Таңатаров зейнетке шықты – видео
"Барахолкада аяқ киім саттым": әнші Жазира Байырбекова оқырмандарына жауап берді
Танымал продюсер Ескендір Хасанғалиев үшін дұғада болуды сұрады
Алматы маңы

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

1026
(Жаңартылды 20:30 17.05.2021)
18 мамырда республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Синоптиктер ертеңгі күннің ауа райын болжады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"Елдің солтүстігінде дауылды жел соғады. Тек, оңтүстік пен батыста жауын-шашын күтілмейді. Екі облыста дабылды ескерту жарияланды", – делінген хабарламада.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Дабылды ескерту

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз бұлтты болады, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде термометр +14, +16 градусты көрсетеді.

Алматыда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы қалыптасып, күндіз +24, +26 градус, ал түнде 9-11 градус жылы болады.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Шымкентте күн бұлтты және жауын-шашынсыз. Күндізгі ауа температурасы +29, +31 градус, ал түнде +15, +17 градусты көрсетеді.

1026
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті қайта құрылымдаудан өтеді: үкімет қаулы жобасын жариялады

47
Қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігі мен білім министрлігі жауапты болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанда қайта құрылымдаудан өтетін болды. Мұндай қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.

Қазақстанның Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның 11-бабының 4-тармақшасына сәйкес республика үкіметі коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта құру туралы шешім қабылдады.

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын оған еншілес ұйым "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.

Академияның қайта құрылымдаудан өту процесіне қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен білім министрлігі жауапты болып табылады.

Ал ашық құқықтық актілер порталындағы бұл құжатты қоғамдық талқылау 31 мамырға дейін жалғасады.

Қаржы академиясы туралы

Қаржы академиясы елордада 50 жылдан астам бері жұмыс істеді. Оның негізі Қазақ КСР қаржы министрлігінің Целиноград қаржы-экономикалық колледжінде 1965 жылы қаланды.

Жарты ғасыр ішінде академия өз атауын бірнеше рет өзгертті. 2009 жылы министрлер кабинетінің шешімімен жаңа типтегі мамандандырылған университет – қаржы министрлігі жанындағы қаржы академиясы ретінде құрылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

Академия қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандарды дайындайды. Қаржы академиясының президенті – Наталья Коржова, ол Қазақстанның қаржы министрлігін басқарған алғашқы әйел.

47
Кілт сөздер:
академия, ЖОО
Тақырып бойынша
Әйелді ұруға болады деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды
Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы
Түркістан қаласында жаңа университет ашылды
ҚазҰУ университет жерінің сатылғанына қатысты ақпаратқа жауап берді
Қазақстанда бір университет бас лицензиясынан айырылды
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ