Көктем, архивтегі сурет

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа тағы екі өңір кірді

326
(Жаңартылды 10:57 03.05.2021)
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" және "сары" аймақтар жаңарды, екі өңір қауіпті зонаға кірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы қауіпті "қызыл" аймаққа кірді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 мамырдағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.

Бір күн бұрын Жамбыл облысы мен Шымкент "сары" аймақта орналасқан еді.

Ал Алматы облысы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" ауысты.

"Сары" аймақ: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақ: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Тағы оқыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Өткен тәулікте республикада 2496 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп отыр. Пандемия басталғалы елде індетке шалдыққандар саны 327 995 адамға жетті.

326
Кілт сөздер:
өңірлер, қызыл, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2332)
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы ақпарат шықты
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды - мемлекеттік корпорация

0
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

0
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович

"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты

372
(Жаңартылды 12:24 14.05.2021)
Олимпиада, ҰБТ-ны ұйымдастырудан бастап магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электрондық форматқа көшірілді, деді министр

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. ҰБТ-ны ғана электрондық форматқа көшіріп қоймай, барлық іріктеу іс-шараларының форматын ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін өзгертіп жатырмыз, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Пәндік олимпиада форматы өзгерді

"Біз биыл ақпанда алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электронды форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалап, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша, биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесі де өзгерді. Бұрын қазылар алқасы мүшесіне балалардың жұмысы пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалады.

Енді келешекте олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдері тек осындай форматта өтеді.

Докторантура мен магистратураға қабылдау форматы

Биыл докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді.

"Бұл бізге "ректорлар тізімі" деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын", – деп жазды Аймағамбетов.

Биыл докторантураға түскісі келгендер эссе мен басқа да тапсырмаларды компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады.

Айта кетейік, өткен жылы магистратураға түсушілер емтиханды пилоттық режимде электронды форматта тапсырды.

"Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Енді магистратураның емтихандары да осы форматта өтеді", – дейді министр.

Осылайша олимпиада, ҰБТ, магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электронды форматқа көшірілді.

"Осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамаларымызды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Аймағамбетов. 

Оқи отырыңыз: Кемінде 200-400 мың теңге: Аймағамбетов қандай маңызды шешім қабылданғанын айтты

372
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, магистратура
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектептерде қандай өзгерістер болатынын жариялады
Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде – білім министрлігі түсініктеме берді
Аймағамбетов биыл соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
"Мұны қалай түсінеміз?": депутат Аймағамбетовтен ҰБТ мәселесін шешуді сұрады
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгеріс болатынын хабарлады