Көрнекі фото

Қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін сарапшы пікірі

1829
(Жаңартылды 17:23 03.05.2021)
Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов болашақта жоғалып кететін мамандықтарды атады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр - Sputnik. Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов "Российская газета" басылымына алдағы он жыл ішінде жоғалып кететін мамандықтар туралы айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сарапшының айтуынша, көлік жүргізушісі, атап айтқанда автобус жүргізушісі немесе метро жүргізушісі деген мамандықтар жойылуы мүмкін.

"Қазірдің өзінде көптеген елдер автопилот жүйелерін сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, метроны толық  автоматтандыруға болады. Тепловоз, электровоз, трамвай, троллейбус, автобустарды да осы жүйеге қосу мүмкіндігі бар. Егер осындай жағдай болып жатса, бұл мамандық өкілдері болашақта немен айналысатыны туралы ойластыруы қажет", — деді Сафонов.

Маман мысал ретінде әуе кемесінің экипажын келтірді. Егер бұрын экипаж бес адамнан құралса, қазіргі заманғы автоматика деңгейінде тек екі жұмысшы жеткілікті. Сафонов көп ұзамай ұшақты тек бір адам басқара алатынын болжады.

Оқи отырыңыз: "Болашақ–2021": стипендияның жаңа мүмкіндіктері қандай – видео

Сарапшы бухгалтер мамандығы жоғалып кетпейтінін, алайда қатты өзгеретінін жеткізді.

"Бухгалтер шығындар мен кірістерді есептеуші ғана емес, шығыстардың тиімділігін бағалайтын адам. Ол аудитордың, салық кеңесшісінің орын алады", - деді Сафонов.

Сонымен бірге маман арнайы компьютерлік бағдарламалар бухгалтердің орнын алмастыра алмайтынын жеткізді.

1829
Кілт сөздер:
жаңа мамандық, мамандықтар
Дәрігер ПТР-тесті қарап жатыр, архивтегі фото

Қазақстанда вирус жұқтырғандар туралы жаңа ақпарат шықты

3
Науқастар саны жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 459 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Індетке шалдыққандар антирейтингінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан – 400,
  • Алматы – 591,
  • Шымкент – 101,
  • Ақмола облысы – 149,
  • Ақтөбе облысы - 89,
  • Алматы облысы – 209,
  • Атырау облысы – 75,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 93,
  • Жамбыл облысы  – 33,
  • Батыс Қазақстан облысы – 114,
  • Қарағанды облысы – 359,
  • Қостанай облысы  – 30,
  • Қызылорда облысы – 44,
  • Маңғыстау облысы – 65,
  • Павлодар облысы – 72,
  • Солтүстік Қазақстан облысы  – 14,
  • Түркістан облысы – 72.

Жалпы пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 358 104 адамға жетті.

3
Кілт сөздер:
Қазақстан, статистика, коронавирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео  
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жағымды жаңалығын бөлісті
Бұрынғы ұлттық экономика министрі вакциналау паспортынан қате тапты
Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 
"Ақша мен сыйлық беруге болмайды": Қырғызстанда жиын-тойларға шектеу енгізіледі
Жол көлік апаты

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды: 6 адам зардап шекті

13
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам жарақат алған, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр - Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданында ірі жол апаты болды.

Оқиға куәгерлері мен қатысушыларының айтуынша, Volvo жүк көлігі кептелісте тұрған авткөліктерге соғылды.

Volvo жүк көлігінің жүргізушісі артқы айнаға алаңдап қалған.

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысты

Ең алдымен ол жылдамдықпен Lexus-тың артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болады.  Жеңіл автокөлік өз кезегінде Toyota Surf-ті, ол алдында тұрған Nissan Almera-ға соғылды.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысқан

Атап айтсақ, Lexus RX 300 көлігіндегі бес адам: жүргізуші мен жолаушылар, оның ішінде 10 жасар бала. Сондай-ақ Nissan Almera-ның жолаушысы - төрт жасар қыз.

Алтауы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

13
Кілт сөздер:
Алматы, балалар, жүк көлігі, автокөлік, жол апаты
Тақырып бойынша
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады – видео