Кілт

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлер желге төтеп бере алмай жатыр

1427
(Жаңартылды 19:47 03.05.2021)
Қала әкімдігі құрылыс компаниясы барлық кемшіліктерді өз есебінен жөндейді деп сендіруде

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда пайдалануға берілген коттедж үйлердің сапасына қатысты шу шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Әлеуметтік желідегі видео көпшіліктің наразылығын тудырды. Жергілікті блогер жаңа коттедж қалашығындағы үйлердің бірінің қабырғасы желдің әсерінен құлап жатқаны туралы видео жариялады. 2020 жылы мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілген болатын. Кадрда желдің әсерінен үйдің бірінің сылағы ұшып, қаңқасы ашылып қалған.

"Желден үгітіліп жатыр. 2020 жылы Талдықорғанда кезекте тұрғандарға берілген жаңа үйлердің жағдайы. Коттедж үйлер. Жемқорлық деген осы болар", - дейді жазбаға пікір білдірушілер.

Видео авторы сапасы төмен құрылыс материалдарынан салынған үйдің қаңқасы құлап жатыр дейді. Тұрғындар да пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасыздығын айтады.

Сонымен қатар билік коттедж қалашығының құрылысына бірнеше миллиард теңге бөлгені белгілі болды. Әр үйдің құны 15-16 миллион теңге.

Оқи отырыңыз: Өскеменде сапасыз салынған тұрғын үйдің қабырғасы сөгілді  – видео

Талдықорған қаласының әкімдігі тараған видеоға қатысты жауап берді. Құрылыс компаниясына қалпына келтіру жөнінде хабарлама жіберілген.

"Мердігер санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес кемшіліктерді, ақауларды өз есебінен жөндейді! Екі жылдық кепілдік мерзімі бар. Бұл әлемдік тәжірибе, құрылыста қателіктер болуы мүмкін. Пайдалануға берілген 432 үйдің бесеуінде ғана кемшіліктер бар", - деп түсіндірді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы өз парақшасында.

Құрылыста қандай материал қолданылғаны белгісіз. Жалпы 620 коттедж құрылысына мемлекеттік бюджеттен 8,1 миллиард теңге бөлінгені анықталды.

1427
Кілт сөздер:
Талдықорған, мемлекеттік бағдарлама, үйлер
Тақырып бойынша
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
"Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысты тың ақпарат жарияланды
"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Банктердің бірі 750 000 теңгеге дейін процентсіз кредит береді
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды - мемлекеттік корпорация

17
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

17
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович

"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты

427
(Жаңартылды 12:24 14.05.2021)
Олимпиада, ҰБТ-ны ұйымдастырудан бастап магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электрондық форматқа көшірілді, деді министр

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. ҰБТ-ны ғана электрондық форматқа көшіріп қоймай, барлық іріктеу іс-шараларының форматын ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін өзгертіп жатырмыз, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Пәндік олимпиада форматы өзгерді

"Біз биыл ақпанда алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электронды форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалап, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша, биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесі де өзгерді. Бұрын қазылар алқасы мүшесіне балалардың жұмысы пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалады.

Енді келешекте олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдері тек осындай форматта өтеді.

Докторантура мен магистратураға қабылдау форматы

Биыл докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді.

"Бұл бізге "ректорлар тізімі" деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын", – деп жазды Аймағамбетов.

Биыл докторантураға түскісі келгендер эссе мен басқа да тапсырмаларды компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады.

Айта кетейік, өткен жылы магистратураға түсушілер емтиханды пилоттық режимде электронды форматта тапсырды.

"Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Енді магистратураның емтихандары да осы форматта өтеді", – дейді министр.

Осылайша олимпиада, ҰБТ, магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электронды форматқа көшірілді.

"Осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамаларымызды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Аймағамбетов. 

Оқи отырыңыз: Кемінде 200-400 мың теңге: Аймағамбетов қандай маңызды шешім қабылданғанын айтты

427
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, магистратура
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектептерде қандай өзгерістер болатынын жариялады
Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде – білім министрлігі түсініктеме берді
Аймағамбетов биыл соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
"Мұны қалай түсінеміз?": депутат Аймағамбетовтен ҰБТ мәселесін шешуді сұрады
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгеріс болатынын хабарлады